Page 73 - index
P. 73

7-жұмыс

    Тақырыбы. Дигибридті және талдаушы будандастыру.
    Мақсаты. Баламалы екі жұп белгілердің тұқым қуалау заңды-
лықтарын талдау. Талдаушы будандастырудың маңызын түсіндіру.
    Құрал-жабдықтар. Жаңадан жасалған тамақтық ортасы бар ста-
кандар, ebony және vestigal дрозофила шыбындарының мутанттары
және ас бұршақ өсімдігінің тұқымдары. Әрбір студентке асбұршақ
өсімдігінің жеке аналық тізбектер (сары бұдырлы) тұқымды, аталық
тізбек (жасыл тегіс тұқымды) Ғ2 будандары беріледі.
    Тапсырмалар:
    1. Шағылыстыруға мутантты шыбындарды талдау.
    2. Шағылыспаған аналық шыбындарды алу.
    3. Шағылыстыру жүргізу.
    4. Ғ1 ұрпақ будан шыбындарына талдау жүргізу.
    5. Ғ1 ұрпақ шыбындарына Ғ2 ұрпақ алу үшін шағылыстыруға қою.
    6. Ғ2 ұрпақ шыбындарына талдау жүргізу.
    7. Бұршақ тұқымы түстерінің тұқым қуалауын анықтау.
    8. Ата-аналық дараларды алынған белгілеріне қарай зерттеу.
    9. Ғ1 ұрпақтағы будандарды анықтап, екі жұп белгісі бойынша
доминантты және рецессивті белгілерді анықтау.
    10. Ғ2 ұрпақтағы өсімдіктерді есептеп, белгілердің ажырауын
анықтау.
    11. Пеннет торын құрып, алынған өсімдіктің және генотиптік
бойынша ажырауын жазу.
    12. Х2 - хи квадрат әдісін қолдану.
    Тапсырмаға түсініктеме. Дигибридті будандастыру моно-
гибридті будан дастыруға қарағанда күрделірек болады. Бұл бу-
дандастыру қарама-қарсы екі жұп белгілердің бір уақытта тұқым
қуалалуын зерттейді. Екі жұп қарама-қарсы белгілер бойынша
айырмасы бар дараларды будандастыруды дигибридті будандастыру
деп атайды (13-сурет).
    Г. Мендель өз тәжірибелерінде тұқымының түсі сары, пішіні тегіс
және тұқымының түсі жасыл, пішіні бұдыр бұршақ өсімдіктерін
қолдан будандастырған. Бірінші ұрпақ (Ғ1) өсімдіктері барлығының
тұқымының түстері сары, пішіні тегіс болған.
    Сонымен, екі жұп белгілерді анықтайтын гендерді белгіле-
йік. Тұқымның сары түсін анықтайтын генді – А (доминантты), жа-
сыл түсті – а (рецессивті) тұқымның тегіс пішінін анықтайтын
генді – В (доминантты), бұдыр пішінді – в (рецессивті). Тұқымның

           73

⇐ МАЗМҰНЫ
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78