Page 75 - index
P. 75

Үлгі түрінде:
    Гаметалар Гаметалар
    АВ а В
    Ав ав
    Сонымен, дигетерозиготадан 4 түрлі гаметалар типі түзіледі.
    Пеннет торы. Белгілердің тәуелсіз ажырауы 13-суретте көр-
сетілген. Әртүрлі гаметалар типтерінің үйлесімділігін жеңіл анық-
тау үшін ағылшын генетигі Р. Пеннет тор жасауды ұсынды. Кейін-
нен бұл Пеннет торы деп аталды. Тордың сол жағындағы тік сызық
бойымен аналық, жоғары жағындағы көлденең сызық бойымен
аталық гаметаларды орналастырады. Ал тордың ұяларына аналық
және аталық гаметалардың үйлесуінен пайда болған зиготалар жа-
зылады. Пеннет торының көмегімен екінші ұрпақ дараларының
фенотипі мен генотипін оңай анықтайды.
    Ғ2 ұрпақта белгілердің фенотипі бойынша ажырауында 9:3:3:1
сандар қатынасында болған. Сонда 9 өсімдіктің тұқымы сары, тегіс; 3
өсімдіктің тұқымы сары, бұдыр; 3 өсімдіктің тұқымы жасыл, тегіс; 1
өсімдіктің тұқымы жасыл, бұдыр болған. Дигибридті будандастыруда
Ғ2 кезінде генотип бойынша ажырауы (1:2:1:2:4:2:1:2:1) белгілер-
дің екі жұбының әрқайсысының 1:2:1 қатынасында ажырауын көрсе-
теді.
    Мендель дигибридті будандастыру кезіндегі екінші ұрпақта бел-
гілердің 9:3:3:1 қатынасында ажырауын сараптай келе белгілердің
тәуелсіз ажырау заңын тұжырымдады. Бұл заңда «будандастыру
жағдайында жұп қарама-қарсы белгілердің бір-бірінен тәуелсіз тұ-
қым қуалайды және әр жұп қарама-қарсы белгілердің ажырауы 3:1
қатынасында жүреді» делінген.
    Екі және одан көп қарама-қарсы жұп белгілері бойынша гете-
розиготалы екі дараларды будандастырғанда, гендер және олар
анықтайтын белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды және
мүмкін болғанша үйлесімдер түзе алады.
    Енді әр жұп белгінің тұқым қуалау ерекшелігін көрейік. Тұ-
қымның түсі бойынша қарасақ, онда алынған 16 өсімдіктің ішін-
де сары тұқымды 9+3=12 бөлікті, ал жасыл тұқымды 3+1=4 бө-
лікті құрайды. Сонда сары тұқымды өсімдікпен жасыл тұқымды
өсімдіктің арақатынасы 12:4 немесе 3:1 тең болады. Бұл моно-
гибридті будандастырудағы белгілердің ажырауын көрсетіп тұр.
Егер тұқымдардың пішіні бойынша алсақ, онда тегіс пішінділер
9+3=12 бөлікті, ал бұдыр пішінділер 3+1=4 бөлікті құрайды. Тұ-

           75

⇐ МАЗМҰНЫ
   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80