Page 96 - index
P. 96

Екінші будандастыру дрозофила көзінің қызыл және қоңыр
түстері бір геннің әртүрлі аллельдерімен анықталатындығын және
қызыл пигмент (В) қоңыр түске (в) қарағанда доминантты екендігін
көрсетті.

                             Үшінші будандастыру

      ♀ қоңыр көзді Х ♂ көзінің түсі ашық қызыл

    Ғ1 қызыл көзді
    Ғ2 9 қызыл көзді : 3 қоңыр көзді : 3 ашық қызыл көзді :1 ақ көзді

    Алғашқы екі будандастырудан көздері қоңыр шыбындардың ге-
нотипі вв, ашық қызыл көзділердікі аа екендігі байқалады.

    Үшінші будандастыру нәтижесінде Ғ1-де алынған қызыл көзді
дрозофила шыбынының генотипінде екі геннің де доминантты
аллельдері А және В бар екендігі анықталады. Бұл жоғарыдағы
екі тәжірибедегі қызыл көзді шыбындардың генотиптерінде осы
гендер әртүрлі комбинацияда болуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Сонда көздері қызыл шыбындардың генотипі ААВВ, көздері қоңыр
шыбындардікі ААвв, ол доминантты А аллельінің болуына бай-
ланысты, ал генотипі ааВВ болып келген дрозофила көзінің түсі
ашық қызыл болады, себебі онда доминантты В аллелі бар.

    Көздері қызыл (ААВВ) шыбындарды ашық қызыл (ааВВ) және
қоңыр көзді (ААвв) шыбындармен будандастыру Ғ2 ұрпақта бел-
гілердің 3:1 ажырауын беретін моногибридті будандастыруға жа-
татындығы жоғарыдағы тәжірибелерден белгілі болды. Соңғы бу-
дандастырудан алынған Ғ1 ұрпақтың генотипі дигетерозиготалы.
Олар өздігінен тозаңданғанда дигибридті будандастырудағы сияқ-
ты фенотипі төрт түрлі ұрпақ береді (15-суретте көрсетілген). Ғ2
ұрпақтағы ақ көзді шыбындардың генотипі – аавв.

    Үшінші будандастыруда гендердің өзара комплементарлы әре-
кеттесуінің нәтижесінде екі жаңа белгі жарыққа шығады. Олар Ғ1
будан ұрпақта байқалатын көздің қызыл түсі және Ғ2 ұрпақта ақ көз-
ді шыбындардың (аавв) пайда болуы. Гендердің өзара комплемен-
тарлы әрекеттесу кезінде белгілердің 9:3:3:1 ажырау доминантты ал-
лельдер жеке келгенде фенотиптік көрініс бере алмаған жағдайда бай-
қалады. Тек генотипте екі ген бірігіп (А-В) келгенде ғана фенотип-
тік көрініс бере алады (а – көздердің ашық қызыл түсі, в – қоңыр түс).

           96

⇐ МАЗМҰНЫ
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101