Page 95 - index
P. 95

Ғ2 ұрпақта ажыраған өсімдіктердің мұртшалары және құрылы-
сы бойынша есептеу және теориялық күтілуді есептеп шығару.

    Сонымен екінші ұрпақта ажыраған белгілерге қарап отырып,
арпаның мұртшалығын анықтайтын гендердің әрекеттесуі компле-
ментарлы типте болатыны анықталды.

    Бұдан басқа зертханалық сабақтарда комплементарлық құры-
лысын дрозофила көзі түсінің тұқым қуалауын мысал ретінде алуға
болады.

    5. Дрозофила шыбынының белгілерінің Ғ1 ұрпақта тұқым қуа-
лау ерекшеліктерін анықтау.

    Комплементарлық құбылысын дрозофила көзі түсінің тұқым
қуалауының мысалында қарастыруға болады. Жабайы дрозофи-
лаға тән көзінің қызыл түсімен қатар көздері қоңыр және ашық
қызыл түсті формалары да кездеседі. Осы түстерге генетикалық
талдау жасау үшін үш түрлі: 1) қызыл көзді дрозофиланы ашық
қызыл көздімен; 2) қызыл көзді шыбынды қоңыр көздімен; 3) ашық
қызыл көзділерді қоңыр көзділермен будандастыру жүргізу керек.

           Бірінші будандастыру

♀ көзінің түсі қызыл Х ♂ көзінің түсі ашық қызыл
      АА аа
              Аа

Ғ1 қызыл көзді
Ғ2 3 қызыл көзді : І ашық қызыл көзді

         А- аа

    Бұл будандастырудан дрозофила көзінің қызыл және ашық қы-
зыл түстерінің моногенді тұқым қуалайтындығын және қызыл пиг-
мент аллелі (А-) доминантты, ал ашық қызыл түс аллелі (а) рецес-
сивті екендігі анықталады.

           Екінші будандастыру

♀ қызыл көзді Х ♂ қоңыр көзді
         ВВ вв

Ғ1 қызыл көзді
            Вв

Ғ2 3 қызыл көзді : І қоңыр көзді
         В- вв-

           95

⇐ МАЗМҰНЫ
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100