Page 146 - indexf
P. 146

тыруды келтіруге болады. 8.3-суретте сызықты қозғалтқыштың
сұлбасы көрсетілген және сонымен қатар жұмыс істеу принципі
көрсетілген. Мұндай сызықты қозғалтқыштарды жоғары дәлдікпен
жұмыс істейтін станоктардың буынын бір қалыпты қозғалысқа
келтіре алуына байланысты қолданылады. Қазіргі уақытта мысал
ретінде кейбір компаниялар максималды орын ауысу жылдамдығы
3 м/с дейін болатын, бұрыштық үдеуі 20 g және дәлдігі 0,1 мкм-ге
дейін болатын, жүрісі 100-ден 2220мм-ге дейінгі болатын сызықты
қозғалтқыштарды шығарады.

           8.4-сурет. Электромагниттік муфта

    Қосалқы функцияларын орындаған кезде ЭҚ механикалық гид-
равликалық және пневматикалық тізбектерді қосу үшін және өшіру
үшін қолданылады. Мысал ретінде, басқарылатын механикалық
жүйелерде қолданылатын тежегіштерді және электромагниттік
муфталарды келтіруге болады. Электромагниттік муфтаның сұл-
басы 8.4-суретте көрсетілген. Бұл суретте жетекші білік (1) және
жетектелуші білік (7) сонымен қатар бір-бірімен электромагнитті
муфта көмегімен жалғанған, фрикциалық накладка 3, статор 4, орам
5 және қайтару серіппесі 6 орналасқан.

    Басқарылатын электрогидравликалық және пневматикалық жү-
йелерде ЭҚ клапандардың және басқа да буындардың орнын ауыс-
тыру үшін қолданылады.

⇐ МАЗМҰНЫ  146
   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151