Page 145 - indexf
P. 145

тралды ЭР якордың күйі статор орамындағы токтың бағытына
тәуелді емес. Керісінше поляризацияланған реле, кіріс сигналдың
полярлығының өзгеруіне әсер етеді.

    Айнымалы токты реледе кіріс ток айнымалы болғандықтан
якорде діріл пайда болады, осыған байланысты якордың дірілін
жою шараларын қарастыру керек болады. Ол үшін жеке беттерден
құрылған магнит сымдар, екі орамды реле және қысқа тұйықталған
орамды реле қолданылады. Бұлардың бәрі айнымалы токты ЭР
құрылымын күрделендіре түседі.

8.3-сурет. Сызықты электромагнитті қозғалтқыш

    Осындай себептерден тұрақты тоқты ЭР кең колданысқа ие.
Автоматиканың атқарушы құрылғылары ретінде ЭҚ негізгі және
қосалқы функцияларды атқарады. ЭҚ негізгі функцияларды орын-
даған жағдайда, олар автоматика жүйелерінде тікелей атқарушы
құрылғылар ешкімге бағынбай өздігімен орын ауыстыра алады.
Мұндай функциялардың мысалына SODIC.Co.,Ltd жапон фирмасы
шығаратын сызықты электрқозғалтқыштарды, роботтардың элек-
тромагниттік ұстағыштарын және теміржолдың бағыттарын ауыс-

⇐ МАЗМҰНЫ  145
   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150