Page 149 - indexf
P. 149

Катушканың ормының S қимасы мен l ұзындығын тағайындамас
бұрын l/S қатынасы алынады. Бұл қатынас материалдың шығы-
нына тәуелді болады. Якорьдың аз жүрісі мен аз күші кезінде бұл
қатынастың үлкен мәнін таңдаған жөн болатыны тәжірибелерде

белгіленген. Әдетте реле үшін l/S=5 ÷ 8 шамасын алуға кеңес

беріледі.

           8.3. ЭҚ сипаттамалары

    ЭҚ жұмыс жасау үрдісін диаграммада көрсетілгендей (8.7-су-
рет) 4 кезеңге бөлуге болады:

    1 кезең – реленің іске қосылуы; 2 кезең – реленің жұмысы;
3 кезең – релені босату; 4 кезең – реленің тыныштығы.

    Диаграммада уақыттың әртүрлі жағдайына байланысты ток кү-
шінің өзгеруі көрсетілген.

    1 – кезеңде қисықтың а нүктесі көрсетілген, ол Iқозғалу ток пен
tқозғалу уақыт арасындағы якорьдің қозғала бастайтын аралығына
сәйкес келеді. А нүктесіне сәйкес келетін сипаттамаларға қол жет-
кізгенге дейін якорь tағ қ уақыт ағынымен қозғалады және А (tі. қосу ,
I і. )қосу нүктесінде реле іске қосылады. Демек, толық іске қосылудың
уақыты tі. =қосу tқозғалу+ tағ қ.

    2 – кезеңде реле (АВС бөлігінде) tжұм ұзақтықтығымен жұмыс
істейді. АВ бөлігінде іске қосылған ток, катушканың орамы бойы-
мен өтіп орнықты мәнге Iорн қол жеткізгенге дейін реленің күйін
сипаттайды.

    Реленің сипаттамаларының бірі реле қорының коэффициенті
болып табылады және ол келесі қатынас түрінде анықталады Кқор =

I орн / I і. қосу =1,5 ÷ 2. Iорн және де рұқсат етілген мәні орамның қызуы-

ның шарттары бойынша анықталады.
    3 – кезеңде реленің жұмысы тоқтағаны жөнінде сигналдың бе-

рілген кезінен басталады немесе кіріс сигналдың өшкен кезінен
басталады. Дегенмен орамдағы токтың ағымы жалғасады. Сонымен
бірге tж якорьды жіберу уақыты деп аталады. Кейін якорь бірнеше
уақыт бойы tағ қ ток Iжіб түсу тоғының мәніне дейін азайғанша
қозғала бастайды, және де D нүктесіне қол жеткізген кезде реле
әсерін тоқтатады.

⇐ МАЗМҰНЫ  149
   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154