Page 144 - indexf
P. 144

8.2-сурет. Электромагниттік реле

    8.2-суретте электромагниттік реле келтірілген, мұндағы: 1 –
орауыш (катушка), 2 – бұғау (ярмо), 3 – өзекше, 4 – сақтағыш тісше,
5 – пластиналар, 6 – ұштық (н аконечник),7 – якорь.

    Электромагниттік реленің жұмыс істеу принципі келесіге негіз-
делген, статордың орамына (катушкаға) ток берген кезде магниттік
ағын пайда болады, ол өзекше арқылы өткен кезде якорды өзекшеге
тартатын электромагниттік күш туғызады, ол соңынан 6 байланы-
сын тұйықтайды. Ұштық 5 саңылау болмаған кездегі якордың өзек-
шеге жабысып қалмауын қадағалайды. Сондықтан, әрқашан бастап-
қы саңылау δ0 болады. 4 (наконечник) тісше якор мен өзекшені
бір-бірімен жабысып қалуынан сақтайды.

    Қуатты тізбектерді ауыстырып қосу үшін қолданылатын ЭР
түйістіргіш (контактор) деп атайды. Мұндай релелерді автоматты
түрде басқарылатын электроқозғалтқыштарды басқарудың релелік
жүйелерінде қолданады, мысал ретінде жүккөтергіш және көтергіш
– транспортты машиналарды жатқызуға болады.

    Жалпы, ЭР автоматика жүйелерінде басқару, қорғау және дабыл
беру үшін қолданады. Кіріс токқа байланысты ЭР тұрақты және
айнымалы токты болып екіге бөлінеді. Тұрақты ток релесінің өзі
нейтралды және поляризацияланған болып екіге бөлінеді. Ней-

⇐ МАЗМҰНЫ  144
   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149