Page 148 - indexf
P. 148

ниттің түрі таңдалады. Электромагниттің түрін таңдау үшін конс-

труктивті К көрсеткішін қолдану ыңғайлы болады, оны төменде-

гідей анықтаймыз:  K = Fmin δmax ,

                                                   (8.1)

мұндағы, Fmin – әуе саңылауының максимум рұқсат етілген мәні δmax
кезінде ЭМ жұмыс жасайтын якорьдағы минималды күш.

    К мәндері бойынша анықтама әдебиетінен ЭМ түрі таңдала-
ды. Мысалы: реле ретінде қолданылатын клапанды ЭМ үшін К=
2900 Н1/2/м.

    Кейін, бастапқы мәндегі, жұмыс саңылауындағы магниттік ин-
дукцияның Вd мәні алынады. Көп жағдайда Вd магниттік индукция-
ны Вd =f(K) нонограммасы бойынша таңдалады. Вd мәні 0.06…1 Тл
шектерінде болады. Вd таңдалуына якорь мен өзекше арасындағы
саңылау d өзгерген кездегі якорьдың катушкаға тартылу күшімен
электромагниттік күштің F берілген мәндерінің арасындағы тәуел-
ділік үлкен әсерін тигізеді. 8.6-суретте, электромагнитті күш-тің
якорь мен өзекше арасындағы d саңылауына тәуелді өзгеруінің
графигі көрсетілген. Бұл график тартылыс күшінің сипаттамасы деп
аталады. F көп болған сайын Вd үшін де үлкен мән таңдалады.

8.6-сурет. ЭМ тартылыс күшінің сипаттамасы

Жұмыс саңылауының қимасы келесі жолмен анықталады

                   S = 2µ0 Fmin / Bδ2 .            (8.2)

    Бұл жердегі коэффициент µ0 = 0,15 ÷ 0, 25.
    Өзекшенің қимасын жұмыс саңылауының қимасына тең деп
алуға болады.

⇐ МАЗМҰНЫ          148
   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153