Page 141 - indexf
P. 141

жылдамдық датчиктері (тахогенераторлар); динамикалық шамалар
датчиктері (пьезоэлектрлі, магнит серпімді, электростатикалы, элек-
тромагнитті) жатады.

    Локационды датчиктерге келесі тізімді келтіруге болады:
    •• Магнитті локационды жүйелер;
    •• Құйынды тоқты локационды жүйелер;
    •• Электромагнитті локационды жүйелер;
    •• Акустикалық локационды жүйелер;
    •• Оптикалық локационды жүйелер.

    Көру датчиктері мен жүйелерге техникалық көру жүйесі жата-
ды. Тактильді тип жүйелеріне сезгіш күш моментті датчигі, жанасу
датчигі, байланыс датчиктері жатады.

    Датчиктердің статикалық сипаттамаларына сезімталдық, өлшеу
мөлшері, статикалы күшейту, дрейф, жұмыс диапазоны, қайтала-
ну және жаңғыртуды келтіруге болады. Сезімталдылық өлшене-
тін шаманың өзгеріс шегі бойынша шығыс сигналды бағалауға
мүмкіндік береді. Оның өзі статикалы және динамикалы сезім-
талдылық болып ажыратылады. Статикалы сезімталдылықты түр-
лендірудің статикалы функциясы негізінде өлшейді, осы кезде кіріс
сигналын х, шығыс сигналын у деп белгілесек, онда y=Sx, мұндағы
S – сезімталдылық немесе түрлену коэффициенті.

    Өлшеу мөлшері – өлшенетін шаманың ең кіші мәні, ол мән дат-
чикке түседі (зафиксирована) және датчикпен тура көрсетеді.

    Статикалы күшейту – өте төменгі жиіліктегі датчиктің күшей-
ту коэффициенті.

    Дрейф – белгілі уақыт аралығында өлшенетін шама тұрақты
болып тұрған кездегі датчиктің нөлден немесе максималды көр-
сеткішінен ауытқуын көрсетеді. Жұмыс диапазоны кіріс және шығыс
сигналдардың максималды мәнімен анықталады. Қайта жаңғырту
уақыттың әртүрлі мезетінде бір шаманы қайта-қайта өлшеумен
анықталады. Жаңғыртуды анықтау кезінде уақыттың үлкен аралығы
алынады.

Бақылау сұрақтары:
1.	Автоматика элементтерінің анықамасы.
2.	Электрлік сұлбалар қандай сұлбалар болып бөлінеді?

⇐ МАЗМҰНЫ  141
   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146