Page 143 - indexf
P. 143

8-тарау. ЭлектромагнитТІ ҚҰРЫЛҒЫЛАР

                 8.1. Құрылғылар және оларды қолдану

    Магнит пен статорлық орамды (8-сурет) металл өзекшесінен
тұратын электромагниттік жүйе электромагниттік құрылғы (ЭҚ)
деп аталады (ЭҚ). ЭҚ жұмыс істеу принципі статорлық орамға ток
берген кезде, өзекше (якорь) магниттік индукцияның әсерінен орын
ауыстырылуына негізделген.

8.1-сурет. Электромагниттік құрылғы

    Автоматика жүйелерінде ЭҚ автоматиканың ауыстырып – қосу
(реле) және орындаушы құрылғылары ретінде қолданылады. Реле
ретінде қолданылатын ЭҚ электромагниттік реле (ЭР) деп аталады.
ЭР кіріс электрлік сигналдың әсерінен қайта қосылады, сонымен
бірге шығыс сигналдың секірмелі өзгеруі жүреді.

    8.2-суретте электромагниттік реле келтірілген, мұндағы: 1 –
орауыш (катушка), 2 – бұғау (ярмо), 3 – өзекше, 4 – сақтағыш тісше,
5 – ұштық (наконечник), 6 – пластиналар, 7 – якорь.

⇐ МАЗМҰНЫ  143
   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148