Page 57 - indexf
P. 57

Лаплас түрленуін (2.16) қолдана отырып, шығыс сигналы (жүйе
реакциясы) және бірлік секірістің кірісі (3.1) арасындағы байланыс-
ты келесі түрде жазамыз:

                        H(s) = W(s) U(s).           (3.2)

                  1(t)

                  1

                              0t
                  3.3-сурет. Бірлік сатылы функция

Лаплас түрленуінің кестесін қолдана отырып X(s)=1/s аламыз.
h(t) өтпелі функциясының H(s) бейнесін (3.2)-ден анықтаймыз:

                        H(s)=W(s)/s.                (3.3)

    Кез келген кіріс әсер үшін кешенді беріліс функциясын (2.5)
теңдігінің оң бөлігінен анықтауға болады, сонда

                        H (s) = B(s) .              (3.4)
                                 s ⋅ A(s)

Сәйкесінше, берілген АБЖ өтпелі функциясын кез келген сиг-

налға жүйенің реакциясын анықтау үшін қолдануға болады. Ра-

сында, (2.16) теңдігіне (3.3) теңдігіндегі W(s) өрнегін қоя отырып

келесіні аламыз:

                        У(s)=sH(s)U(s).             (3.5)

    Өтпелі функция H(s) автоматты басқару жүйесінің қандай да бір
уақыттық сипаттамасы болып табылады және кіріс функциясының
шығыс функциясына түрлендіру операторын көрсетеді. H(s)
функциясының өзгерісін басқару кезінде жүйенің берілген тәртібімен
алуға болады.

⇐ МАЗМҰНЫ               57
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62