Page 56 - indexf
P. 56

динамикасын бағалау үшін автоматты басқару теориясында өтпелі
үрдісте өтпелі функцияны бірлік секіріске жүйенің реакциясы ре-
тінде және импульсті өтпелі функциясын бірлік импульске жүйе
реакциясы ретінде қолданады. Өтпелі және импульсті өтпелі функ-
цияны кіріс шамалары бірлік секірісті және бірлік импульсті болған
жағдайларда бастапқы нөлдік шарттармен дифференциалдық тең-
деулерді шеше отырып алуға болады.

               3.3. АБЖ сапалық сипаттамалары

3.3.1. Уақыттық сипаттамалар

Басқару жүйесін талдау кезінде шешілетін негізгі есеп АБЖ

жүрісінің қасиетін санды түрде бағалау және анықтау болып келеді.

Осы есептерді автоматика элементтерінің сипаттамаларын таңдау

арқылы және буындарды өзара әртүрде қосу арқылы шешеді. АБЖ

анализінің есебін шешуде талап етілген жүйенің сипаттамасын

қамтамасыз ететін, автоматика элементтерінің және олардың өзара

байланыстарын таңдау есепке алынады. Басқару жүйесінің анализі

және синтезі төменде келтірілген үш негізгі есептерді шешуге әке-

ліп соғады:

•• автоматты басқару жүйесінің сапалы сипаттамаларын табу;

•• амплитуданы төмендететін тербеліс арқылы немесе жүйені

байсалды түрде берілген күйге қайтару кезіндегі орнықтылық шар-

тын анықтау;

•• АБЖ жұмысының орнықты режимінде қателерді табу және

жою.

Жоғарыда динамикалық режиміндегі АБЖ кейбір сапа көрсет-

кіштері келтірілген. Белгілеп көрсеткеніміздей, кіріс сигналының

секіріс тәрізді өзгерісі өтпелі үрдіс бағалауы үшін қолданылады.

Бірлік секіріске жүйенің реакциясын өтпелі функция деп атайды.

Айталық, кіріс сигналының бірлік секірісі (сатылы функция) мына

түрде болсын:

               x(t)   0,  t0  кезінде      (3.1)
                       
                       1, t  0 кезінде .

Сатылы бірлік функциясының сұлбасы 3.3-суретте келтірілген.

⇐ МАЗМҰНЫ                    56
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61