Page 14 - indexf
P. 14

т.б.) әрқашанда шығыс сигналдарға жатады. Жалпы жағдайда сиг-
налдар екіден көп болуы мүмкін, онда олар әдетте, векторлармен
белгіленеді, ал жүйе көппараметрлі деп аталады.

    Сұлбада (1.1-сурет) басқару нысанына әртүрлі сигналдардың
әсерлері көрсетілген.

           1.1-сурет. Басқару объектісі

    Автоматты басқарылатын объектілер құрамына конструктивті
және сұлбалық элементтер кіреді, олардың әрбіреуі энергиямен
ақпаратты беруі бойынша және оларды түрлендіруі бойынша бел-
гілі бір қасиеттерге ие. Бұл элементтердің түрлендіргіш ретіндегі
қасиеттері түрлендіру операторларымен (ТО) сипатталады. Басқа
жағынан әрбір элемент, «кіріс-шығыс» түрлендіруін жүзеге асыра-
тын жүйе буыны ретінде қарастырылады. Бұл элементтер шартты
түрде тікбұрышты белгімен белгіленеді. Берілген сипаттаманы
қамтамасыз ететін «себеп-салдар» байланысымен нақты кескіндегі
элементтердің бірігуі басқару жүйесінің (БЖ) құрылымдық сұл-
басын қалыптастырады. Функционалдық сұлбалар жүйенің жеке
элементтерімен орындалатын функцияларын (салыстыру, түрлен-
діру, күшейту және т.б.) көрсетеді. Функционалдық сұлбаларда
бағытталған сызықтар функционалды құраушы элементтердің
себеп-салдар байланыстарын көрсетеді. Автоматты басқару жүйе-
сінде (АБЖ) басқару адамның қатысуынсыз арнайы техникалық
құралдармен орындалады.

    Егер басқарушы әсер оператор көмегімен жүзеге асырылса,
онда басқару жартылай автоматты болады, ал жүйе осы жағдайда
автоматтандырылған деп аталады.

    1.1-мысал.
    ҚазҰТУ роботында (1.2-сурет) робот ұстағышының қозғалысы
микроконтроллермен басқарылады. Осы роботта тұрақты тоқты
қозғалтқышы бар әрбір жетек АБЖ мысалы болып табылады.

⇐ МАЗМҰНЫ  14
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19