Page 284 - indexf
P. 284

284  Қазақша-орысша политехникалық түсіндірме сөздік

Реторта (лат. retorta, сөзбе сөз – артқа  Реторта – аппарат, служащий в хи-
қаратылған) – химия лабораториясын-       мической лабораторной и заводской
да және завод тәжірибесінде ажырату       практике для перегонки или для вос-
үшін немесе қыздыруды қажет ететін        произведения реакций, требующих
және газ текті немесе сұйық ұшпа          нагревания и сопровождающихся вы-
өнімдер пайда болатын реакцияларды        делением газообразных или жидких
қайта өндіру үшін қолданылатын ап-        летучих продуктов
парат

Ретранслятор – бір бірінен үлкен          Ретранслятор – оборудование свя-
қашықтықта орналасқан, екі немесе         зи, которое соединяет два или более
бірнеше радиотаратқышты қосатын           радиопередатчика, удалённых друг от
байланыс құрылғысы                        друга на большие расстояния

Реттегіш (лат. regulo – тәртіптеймін,     Регулятор – устройство (совокуп-
реттеймін) – реттеу іске асырылатын       ность устройств), посредством кото-
құрылғы (құрылғылар жиынтығы);            рого осуществляется регулирование
реттеудің қағидасына (приципіне)          (регулятор в зависимости от прин-
байланысты реттелетін шаманы не-          ципа регулирования измеряет или
месе ауытқыту әсерін өлшейді және         регулируемую величину, или возму-
объектінің реттеуші органына әсер         щающее воздействие и вырабатывает
істейтін реттеуші                         воздействие на регулирующий орган
                                          объекта)

Рефлектор (лат. reflecto – кейін          Рефлектор – отражатель света в фор-
қайырамын) – жарық сәулелерін             ме вогнутого зеркала:
шағылыстыратын ойық айна:                 1) оптический инструмент для рас-
1) аспан денесін қарауға арналған,        сматривания небесных тел, телескоп,
шағылыстыратын ойық айнамен               снабженный отражательным вогну-
жабдықталған оптикалық аспап              тым зеркалом (астр.);
(астр);                                   2) отражатель света в форме изогну-
2) сәулелерді қажет жаққа қарай           того зеркала, направляющий лучи в
бағыттайтын, ойық айна түрінде            нужном направлении (например, при
жасалған жарық шағылыстырғыш              киносъемках пользуются разнообразн
(мысалы, кино түсіргенде әртүрлі          рефлекторами)
рефлекторлар пайдаланылады)

Реформинг (ағыл. to reform – қайта        Реформинг – превращение прямой
өңдеу, жақсарту) – крекингтің не-         цепочки алканов (парафинов) в раз-
месе каталитикалық реакцияның             ветвленную, в результате крекинга
нәтижесінде алкандардың (парафин-         или каталитической реакции
дер) тік тізбектерін тармақтарға ай-
налдыру

     МАЗМ¦НЫ
   279   280   281   282   283   284   285   286   287   288   289