Page 14 - index Bapaeva
P. 14

Адамның индивид (дене дамуы), тұлға (азаматтық даму),
танымның (ақыл-ойдың дамуы) және еңбектің (еңбекке
қабілеттілік) субъектісі ретінде ер жетуінің мерзімдері сәйкес
келмейді. Дамудың осы бағыттарының жиынтығы адам
даралығының қалыптасуы үшін негіз болып табылады.

    Осылайша, адамның жас ерекшелік есебі хронологиялық
жастың есебіне ғана сүйенбейді, сонымен бірге ол төмендегідей
өлшемдерді де қамтиды:

    1) Адамның жас ерекшелік, психологиялық, әлеуметтік
өлшемдерін қамтитын өмір жолы.

    2) Мәдениет пен қоғамның бала тәрбиесінің дәстүрлі әдістері,
отбасының құрылымы, басым бағдарлар, ұлттық психологияның
ерекшеліктері тәуелді болатын жалпы қасиеттер.

    3) Адамның дамуы, сол буынының ерекшеліктері орын алған
тарихи жағдаят (қазіргі заманғы оқушылар мен олардың 30-40
жылдардағы құрдастарының мінез-құлқы мен даму деңгейлерін
акселерацияның ықпалынсыз салыстыруға болмайды).

    4) Адамдардың даралық-типтік, атап айтқанда дифферен-
циялық-психологиялық ерекшеліктері (жыныстық, дене
ерекшеліктері, жүйке жүйелерінің түрлері, жетілу ырғақтары).

    Осылайша, адамның жасы әрқашан биологиялық, тарихи және
психологиялық уақыттың конвергенциясы болып табылады.

    Гетерохрондықтың бірінші көрінісі – адамның өмірінде
тұрақтылықтың, кейде тіптен тұлғалық құрылымда ешбір
күрделі өзгеріс орын алмайтын тоқырау кезеңдерінің, тұлға үшін
тұтастай өмір мен оның мақсаттарының мәні ашылатын тағдырлы
мезеттермен және қарқынды даму кезеңдерімен алмасып оты-
руы. Мұндағы гетерохрондық дамудың тұрақты кезеңдерінің
дағдарыстармен орын ауыстыруымен сипатталады.

    Гетерохрондықтың екінші көрінісі тұлғалық және танымдық
аумақтар дамуының арақатынасына байланысты. Онтогенезде
тұлғалық аумақтың тұрақтылығы мен өзгермеушілігі жағдайында
интеллектінің қауырт даму кезеңдері және интеллектілі даму
деңгейінің тұрақтылығында қайта құрылу кезеңдері алмасып
отырады.

    Гетерохрондық мотивациялық-тұлғалық және операциялық-
техникалық аумақтар дамуының біркелкі болмауымен анықталады
(Д. Б. Эльконин). Аталмыш заңдылықтың қайталануында нақты

                                     14

⇐ МАЗМҰНЫ
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19