Page 15 - index Bapaeva
P. 15

мәні бар даму механизмінің құпиясы бар. Жасөспірімдік кезеңде
тұлғаның дамуы дамудың гетерохрондығының тамашы мысалы.

    Психологтар адамның өмір жолын толықтай зерттеп болма-
йынша, маңызды өзгерістер жетілудің алғашқы сатыларында және
қарттықта орын алатыны сияқты; есею ең жоғары дәрежедегі
тұрақтылықтың сатысы ретінде есептелінген. Алайда, соңғы
жылдардағы зерттеулер ересектің дамуының мақсаты және ақыр
соңы болмайтынын көрсетті: даму үдерісі шексіз, өйткені даму
тұлғаның тіршілік етуінің негізгі әдісі болып табылады.

    Бесінші қарама-қайшылық: адам адамзат қоғамынан тыс
ортаға түсетін болса, оның жағдайы қандай болмақ? Оның психи-
касы, ақыл-ой қабілеттері, тұлғасы дамуын тоқтатпай ма?

    Маугли-балалар, яғни жануарлар ортасында тәрбиеленген
балалардың психикасы, адамның адами қоғамнан тыс дамуының
салдарын көрсететін айқын мысалдың бірі. Аталмыш жәйтке
қатысты ғылыми дәлелденген деректер өте аз болғанымен, аңыз
өте көп.

    Мәселен, Амала мен Камала атты үш-төрт және тоғыз жас
шамасындағы, үнді джунглилеріндегі қасқырлар тобырында
табылған қыздардың тағдыры жоғарыда айтылған жайтқа ең
дәлелді дерек. Олар қасқырлардың барлық қылықтарын меңгерген,
адамның тілін игермеген және тік жүруге дағдыланбаған. Оларды
қайтадан тәрбиелеп, әлеуметтік ортаға бейімдеуге қаншалықты
күш салынғанымен, өкінішке орай қыздардың біреуі араға көп
уақыт салмай қайтыс болса, екіншісі өз жасына лайық дамудың
біршама деңгейіне қол жеткізумен ғана шектелген.

    Ғылыми әдебиетте авейрондық жабайының жағдайы тама-
ша баяндалған (Франция, 1799). Авейрон маңындағы тұрғындар
адамның тілін түсінбейтін, сөйлемейтін, төрт аяқтап жүретін, адам-
ға тән қарапайым дағдылар мен қолмен жасалынатын әрекеттерді
меңгермеген он екі жас шамасындағы ұл баланы тауып алады. Ба-
ланы Виктор деп атайды. Оның тағдыры балалар психологиясы
мен дефектологиясының дамуына қомақты үлес қосқан дәрігер,
гуманист, педагог, психолог Ж. М. Итардтың қызығушылығын
тудырады. Зерттеушінің ақыл-ойы кем балалардың тәрбиесіне
арнап құрастырған әдістемелері әлі күнге дейін қолданылуда.
Баланың тағдыры Ж. М. Итард және сол кезеңнің жетекші
қайраткерлері үшін 1789-1799 жж. Француз төңкерісінің барлық

                                     15

⇐ МАЗМҰНЫ
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20