Page 154 - index Bapaeva
P. 154

ныс. Сәби бір затты, мәселен, сағатты көреді. «С-а-ғ-а-т» деген
дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада белгілі
байланыс пайда болады, бұл байланыс баланың «сағат» деген
сөзді естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда
болады. Г. Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальто-
ны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пай-
да болуы деп бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның
кімдікі екенін білеміз және қалпақ иесін еске түсіреміз.

    Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір
жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден,
баланың тілін одан әрі дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы
құрамдық тәуелділіктің болатындығын аңғартып, оларды одан
әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл тәуелділік бірнеше
байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында әлдебір
жаңа нәрсенің пайда болу үдерісін түсіндіретін болсақ, онда 4
құрамдық байланыс сөздің өзіндік нысанын аша түседі. Осы
көзқарас бойынша бала тілінің дамуы оның сөздік қорының да-
муына ықпал етіп, оның құрамдық байланысын да байытып, оны
нақтылай түсуіне жетелеп отырады. Бұл ретте Эббингауздың
жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің
мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт
сөз мағынасы бала үшін ұзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды
да, ол дамымайды. Соның салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз
қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің шығуы туралы мәселе
де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда сөздерді
атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады
саналады.

      Құрылым теориясын қолдаған зерттеушілер сөз мағынасын
дамыту жағына жете мән бермеді. Олар құрылым теориясына
сенгенімен, бірақ оны психологиялық жағынан сөздік белгінің
пайда болу механизмінсіз дұрыс түсіндіре алмады. Бұдан соң осы
мәселеге қатысты теорияның тарихи дамуына сәйкес В. Штерн
бастаған екінші тобы пайда болды.

    В. Штерн теориясына сәйкес алғашқы сөз бала дамуындағы
негізгі қадам. Ол дыбыс пен заттың арасындағы құрылымды бай-
ланыс негізгі түйін емес дейді. Өйткені мұндай құрылымды бай-
ланыс жануарларда да бар (мысалы, өзіңіз атаған затқа итке көз
салып оған қарауды үйретуге болады) дейді. «Сәбидің, – дейді

                                    154

⇐ МАЗМҰНЫ
   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159