Page 152 - index Bapaeva
P. 152

Бала әртүрлі заттармен бір тектес әрекет етіп, сол әрекеттерді
жалпылайды. Ол ойнайтынын әлі сезінбейді. Мұндай ойының
мәні әрекет ету үдерісінде, сол себептен оны процессуалды деп
атайды.

    Заттармен әрекет етудің жаңа тәсілдерін ойлап табу, ойынмен
алмастыру амалдарының пайда болуы ойынның негізгі сипатта-
масы болып табылады. Алмастыру амалдары бірден пайда бол-
майды әрі балалар ойыны өздігінен қалыптаспайды. Ойнай ала-
тын адамдардың, яғни ересектердің белсенді қатысуымен жүзеге
асады. Бөбек кезеңіндегі ойынның негізіндегі алмастырулар
төмендегідей сатылардан өтеді:

    1) ересектің ойынын бақылау;
    2) ересектің ойынына қосылу, біріккен ойын;
    3) ересектің әрекеттеріне еліктеу;
    4) баланың дербес ойыны;
    5) баланың құрдастарымен қарым-қатынасы.

    4. Бір жастағы дағдарыс

    Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе
жүзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған.

    Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ
оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған.
Осы орайда сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму
заңдылықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын-
да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете ал-
майды, дегенмен бірен-саран болса да ондай балалар бар. Бірден
жүріп кететін сәбиді мұқият зерттеу нәтижелері оның бойында
әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері болатындығын
көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын
байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі
нәзік қозғалып, кеңістікте өз бойын билей алмайды. Сәбидің
бойындағы мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін
анық байқатады.

    Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінің шығуына байланыс-
ты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету үдерісі ұзақ мерзімге
созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір

                                    152

⇐ МАЗМҰНЫ
   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157