Page 151 - index Bapaeva
P. 151

ықпал етудің басқа да тәсілдері пайда болады. Ересектің амалы
қажет сөзді айтып, оны баладан естуін күтуде.

    Үшінші сатыда дәл сөз жағдайдың орталығына айналады.
Бала ересектің көзіне қарап қана қоймай, оның назары еріндеріне
шоғырланады. Бала қажет сөзді атаудың алғашқы әрекеттерін жа-
сай бастайды да, кейінен оны атап қалаулы затын алады. Осылай-
ша ой түйінін сөзбен жеткізу міндетін балаға дәл ересек ұсынады.

    Өмірдің үшінші жылы – бала тілінің дамуындағы жаңа саты.
Сөйлемнің грамматикалық құрылымын меңгеру оның негізгі
мазмұны бала сөздігінің қоры тез және біршама ұлғаяды: үшінші
жылдың соңына қарай бала 1000-1500 сөзді меңгереді.

    Бала сөйлеуінің белсенділігі:
    1) Сөйлеу қарым-қатынасының жақын ересектердің ықпалы-
мен қатар бөтен адамдардың көмегімен де ұлғаюында.
    2) Сөйлеу белсенділігінің ойын барысында ұлғаюы
    3) Балардың ересектердің сөйлеу тіліне деген қызығу-
шылықтарының ұлғаюында.
    Сөйлеу көрнекі жағдаяттан бөлініп бала ойлауымен қарым-
қатынасының дербес құралына айналады. Сөйлеу баланың негізгі
құралы болып табылады. Баланың ересектің сөзбен айтқан
нұсқауларын орындауы ырықты мінез-құлықтың бірінші фор-
масы болып табылады. Сонымен бірге баланың мінез-құлқы
қабылданған жағдаятпен емес, ересектің сөзімен анықталады.
    Ойынының дамуы
    Өмірінің алғашқы айларынан-ақ балалар құрал-заттарға
ғана емес, сонымен бірге оларға арналған арнайы заттар –
ойыншықтарға да кезігеді.
    Балалардың құрал-заттармен әрекеті нақты, қатаң белгіленген
тәсілдерді қажет етсе, бала ойыншықтармен ойындағысын жүзеге
асыра алады. Сонымен бірге, заттың – практикалық іс-әрекет
қайсыбір нәтижеге бағытталып, реттеледі, ал ойыншықтармен
жасалған әрекеттер ешқандай нәтижені болжамайды, әрі ешбір
нақты мақсатсыз жүзеге алады. Бала өмірінің екінші жылының
басында ойыншық ол үшін манипуляциялауға болатын кез кел-
ген басқа зат ретінде көрінеді. Алайда біртіндеп балалар өмірінің
екінші жылында заттардың ойындағы мәнін меңгере бастайды:
қуыршақты тамақтандырады, оны ұйықтатады. Ойыншықтың өзі
балалар үшін басқа заттың үлгісі болмайды, ол кішірейтілген шы-
найы зат ретінде көрінеді.

                                    151

⇐ МАЗМҰНЫ
   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156