Page 153 - index Bapaeva
P. 153

деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол
тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт
– бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінің көрінісі.
Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның
мәні дағдарысқа байланысты сәбидің алғашқы қарсыласуы,
отбасындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі,
Кречмердің бұл көріністерді гипобликалық деп атауының себебі
ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп
кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.

    Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жа-
сауы дұрыс тәрбие бермейтін отбасыларда пайда болып, олар
шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп
соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның
тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға күрт ерік беріп, еденге жата
қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалудан
бас тартып, еденді аяғымен тепкілейді. Осы кезде ол ешқандай
есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай
белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік
мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын
көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сәбидің
нәрестелік шағындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана
елестетеді.

    Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі
негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.

    Енді біз сәбидің тілінің шығуына байланысты дағдарыс түрін
қарастырып көрейік. Тілдің шығу сәтіне орай сәбидің дағдарысқа
ұшырау себебі – бұл мәселе, ең алдымен баланың ұғым-түсінігіне
және оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты
болуы. Сәбидің тілінің шығуы жайында біріне-бірі қарама-қарсы
және бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас және үш
түрлі теория бар. Оның біріншісі – құрамдық (ассоциация) негізге
тіректелген тілдің бірте-бірте шығуы. Кейбір жағдайда бұл тео-
рияны семіп қатып қалған деуге болады. Бұл теорияның тарихи
мәні ғана бар. Өйткені ескіні білмей жаңаны жасай алмайсың.
Осы теорияға сүйенген зерттеушілердің бірсыпырасы осы күнге
дейін бала тілінің дамуы туралы ілімді тежеп отыр, ал ондай

қателіктерді жоймай бұл мәселені дұрыс шешу мүмкін емес.

    Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның
мағынасы арасындағы байланыс – екі мүше арасындағы байла-

                                    153

⇐ МАЗМҰНЫ
   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158