Page 156 - index Bapaeva
P. 156

Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар дағдарыс
кезеңіндегі ерекшеліктерге іріткі сала ала ма? деген сұрақты
анықтау керек болады. Дағдарыс кезіңде бала бойында жаңа сапа-
лар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді.

    Алайда сәбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі
өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапа-
лар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа
түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда
тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасын-
да бала жүруді, сөйлеуді, жазуды және т.б. әрекеттерді үйренеді.
Өткінші жасында сәби дербестік тілді меңгереді. Бірақ сөйлеудің
бұл түрі оның өмір бойында сақталатын болса, онда баланың да-
муы бірқалыпты болмағаны.

    Біз баланың дербестік сөйлеуінен оның алғашқы жылғы
дағдарысына тән алуан түрлі ерекшеліктерін байқаймыз. Мұндай
ерекшеліктер бала сөйлеуіндегі дағдарыс кезеңінің басталуы мен
аяқталуына дейінгі мерзімге созылады.

    Баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы
дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан, енді ол өзгеше сипатқа
ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең
болғандықтан, бұл мәселені генетикалық тұрғыдан қарастырған
да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір
кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала
қалыпты сөйлеуге көшкен кезде оның психологиясында күрделі
құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземіз.

    Бала дамуындағы дербестік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі
оның заңды құбылысы деп саналады және бұл құбылысты біздер
диалектикалық дамудағы баланың жеке басына тән сипаты деп
түсінуіміз керек.

      Семинар және практикалық сабақтардың жоспары
    1. Бөбектік кезеңнің психикалық таным үдерістерінің дамуы-
на сипаттама.
    2. Бөбек жасында баланың психикалық дамуының негізгі
компоненттері
    3. Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыстың психо-
логиялық ерекшелігі.
    4. Л. С. Выготский бала дамуындағы сөйлеудің мәні туралы.

                                    156

⇐ МАЗМҰНЫ
   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161