Page 158 - index Bapaeva
P. 158

4.4. Мектепке дейінгі жас шамасы

    Жоспары:
    1. Мектепке дейінгі балалық шақтың сипаттамасы
    2. Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың сюжетті-
рөлдік ойыны
    3. Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың танымдық
дамуы
    4. Мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың құрдас-
тарымен қарым-қатынастары
    5. Баланың үш жастағы дағдарысы

    1. Мектепке дейінгі балалық шақтың сипаттамасы

    Мектепке дейінгі балалық шақ жеке тұлға дамуының мінез-
құлықтың жеке мотивтерінің дамуының алғашқы кезеңі болып
табылады.

    А. Н. Леонтьев бойынша, бұл жас шамасында жеке тұлғаның
дамуы ең алдымен мотивтердің өзара бағыныңқылығымен, иерар-
хиясымен байланысты.

    Бөбек шағының соңына қарай баланың ересектен бөлінуі,
олардың арасындағы жаңа қатынастардың туындауына әкеледі.
Баланың ересекпен қарым-қатынасы жағдаяттан тыс сипатқа не
болып, екі түрлі сипатта жүзеге асады (жағдаяттан тыс танымдық,
жағдаяттан тыс жеке).

                                                                         11-кесте.
    Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың сюжетті-рөлдік

                                         ойыны

        ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

   Ойынның          Мектепке дейінгі жас шамасы
компоненттері  кіші жоғары

Желісі         Ересектердің       Ересектердің еңбек іс-әрекетін
               еңбек іс-әрекетін  қайталауы және адамдардың
               қайталауы          арасындағы қатынастарды
                                  бейнелеуі

               158

⇐ МАЗМҰНЫ
   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163