Page 150 - index Bapaeva
P. 150

3. Баланың сөйлеу-тілінің дамуы

     Сөйлеу барлық психикалық үдерістерді өзгеріске ұшыратады.
Баланың сөйлей бастауы оның өз мінез-құлқын басқаруға,
ойлауға, әрекеттерін сезінуге ықпал етеді.

     Баланың сөйлеу-тілін меңгеруі балалар психологиясының
күрделі және кұпия мәселелерінің бірі болып табылады. Еш
нәрсеге зейін қоя алмайтын, интеллектілі операцияларды
меңгермеген, кішкентай баланың 1-2 жылда белгілердің күрделі
жүйесі тілді қалайша меңгеретіні түсініксіз. Балалар сөзінің мәні
жөніндегі мәселе пікірталастардың тақырыбына айналуда.

     Л. С. Выготский бала сөздерінің мәні өзгеріссіз қалмай,
дамудың белгілі бір жолынан өтетінін анықтайды. Сөйлеу-тілінің
дамуы, сөздіктің ұлғаюы мен грамматикалық конструктілердің
күрделенуімен қатар сөздер мәнінің дамуымен анықталады.

     Нәрестелік кезең сөйлеу-тілінің дамуында вербалдыға дейін,
даярлық кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде сөйлеуді ым-ишара
сияқты вербалдыға дейінгі құралдар алмастырады. Үш жастағы
бала адам тілін меңгеріп, сөйлеудің көмегімен өзге адамдармен
араласа бастайды. Осы екі кезеңнің арасында бала өзінің ерек-
ше тілінде сөйлей бастайтын ерекше кезең бар. Психологияда ол
кезеңді балалардың автономды тілі деп атайды. Автономды тіл
ересектің тілінен дыбысы мен мәні бойынша ерекшеленеді. Бала
дыбыстың дербес үйлесімін ойлап тауып, оның сөзін ересектердің
тіліне аудару қиынға соғады. Оның тілін балаға жақсы таныс адам
ғана түсіне алады. Ал балалардың ересектердің бүкіл сөзін жақсы
түсінетіні қызық. Автономды сөздер жоқ заттарды алмастыру
үшін емес, затқа нұсқау үшін, оған атау беру үшін қолданылады.
Бұл кезеңде бала көрнекі жағдаяттан тыс ойлана алмайды.

     Бала өмірінің екінші жылының ортасында (кейбір балалар-
да кешірек) өзіндік сөйлеу жарылысы орын алады. Бұл кезеңде
баланың сөздігі күрт ұлғайтып, тілге жоғары қызығушылығы
пайда болады. Сөздерді меңгеру қисыны құралдар арқылы жа-
салынатын әрекеттерді меңгерудегідей. Ол үш сатыдан өтеді.
Жағдайдың бірінші сатыдағы негізгі компаненті зат болып табы-
лады.

     Екінші сатыда негізгі бағдар ересекке алмасады. Затты алудың
тікелей әрекеттерінің орнына нұсқау шаралары және ерекше

                                    150

⇐ МАЗМҰНЫ
   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155