Page 155 - index Bapaeva
P. 155

В. Штерн, – біріншіден, өз өмірінде ғаламат жаңалық ашатыны
оның қандай да заттың болмасын өз атауы бар екенін немесе (осы
заның екінші ұғымы) сәбидің белгі мен маңызы арасындағы бай-
ланысты ашатыны, яғни тілдің символдық қызметін білуі кез кел-
ген затты белгі, символ арқылы көрсетуге болады».

    Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде өте жемісті болып, ол
құрылымдық теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді да-
мытуда құрылымдық байланыс бірте-бірте қалыптасады, бірақ
жаңалық ашқаннан кейін бала сөздігінің секірмелі болып өсуі пай-
да болады дейді. В. Штерн атап көрсеткен екінші бір жайт сәбидің
сөздік қорын қарқынды даму кезеңіне аяқ басу хайуанаттардың
адам сөзін түсінуді үйреніп, одан аталмаған зат атын сұрап білуі
мүмкін емес. «Ал балаға, – дейді В. Штерн, – қанша сөз берілсе,
сонша сөзді біліп алу тән, яғни ол әрбір заттың атауы болуға тиіс
екендігін жақсы түсінеді». В. Штерн баланың ашқан жаңалығы
сәбидің алғашқы жалпы түсінігі деп аталуы тиіс дейді.

    Адамзатқа тән үшінші нышанның мәні – сәбиде атау туралы
бастапқы сұрақтар пайда болады, яғни сөздік қорын өсіру үшін
сәби кез келген затты «Бұл не?» деп сұрай береді. Осы аталған
нышандардың үш түрі де балалық шақтың ерте кезеңіне тән.

    Бала тілінің шығуы мен қалыптасу кезеңдерін түсініп
оның дамуын неғұрлым тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.
Мұның өзі тілдің дамуын дұрыс бағдарлап, теориялық жағынан
тұжырымдауға көмектеседі және осы мәселеге қатысты түрлі
көзқарастардың кемшіліктерін ашып көрсету үшін қолайлы
жағдай тудырады.

    Біздер бала дамуындағы жаңа құрылымдарды – оның жүруі мен
еңбектеу әрекетін және басқа қасиеттерін де естен шығармауымыз
керек.

     Баланың жеке басының даму сатылары оның өмір сүретін ор-
тасымен қарым-қатынасында өрістеп отыратындығын ескеретін
болсақ, онда сәбидің, дамуы оның танымының тарихымен бай-
ланысты екенін айқын аңғарамыз. Шын мәнінде, адамның жеке
басының ортамен қарым-қатынасы оның санасының сипатын
білдірумен қатар адамның жас даму ерекшеліктеріне орай бұл
мәселенің сырын ашып көрсетіп, шындыққа бір табан болса да
заңды түрде жақындауды білдіреді. Ал мұндай жайттың мәні
ерекше.

                                    155

⇐ МАЗМҰНЫ
   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160