Page 162 - index Bapaeva
P. 162

4. Мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың
құрдастарымен қарым-қатынастары

    Баланың құрдасының ықпалдарына аса сезімталдықты
білдірмеуі.

    Мектепке дейінгі жас шағында баланың құрдастарымен
қарым-қатынастарының дамуы бірнеше сатыға бөлінеді. Бірінші
сатыда (2-4 ж) бала үшін құрдасы эмоциялық-практикалық өзара
әрекеттестіктегі серігі болып табылады.

    Екінші сатыда (4-6 ж) баланың құрдасымен жағдаяттық-іскер
ынтымақтасу қажеттілігі пайда болады; біріккен ойын іс-әрекеті
қарым-қатынасының мазмұнын байытады.

    Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-
қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып
жетілуін талдау мүмкін емес.

    Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан.
Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы
тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-
қатынас пайда болады.

    Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі неме-
се техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес
психологиялық контакт.

    Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және
басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Соны-
мен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады. Адам-
дармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі,
қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін
игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске
асырылады. Яғни, қарым-қатынас адамның психологиялық
дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда, қарым-қатынасты
былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында
психикалық үдерістері мен мінез-құлқы қалыптасатыны жан-
жақты шындық.

    Соңғы кездерде жас ерекшелік және педагогикалық-
психология салаларында қарым-қатынасты зерттеу мәселелері
барынша жиі көтеріледі. Ол балалар психикасын дамыту
тәжірибесіндегі сұраныс-қажеттілікпен түсіндіріледі. Қазір
«қарым-қатынас» және «жеке адам», «қарым-қатынас» және

                                    162

⇐ МАЗМҰНЫ
   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167