Page 163 - index Bapaeva
P. 163

«даму» ұғымдары параллель қарастырылады да, балалардың
психикалық үдерістерінің, функцияларының, қасиеттерінің
коммуникациялық детерминациясы ғылымда жан-жақты талда-
нады. Бұл жағдайдың өзі қарым-қатынас бойынша теориялық
және эксперименталдық зерттеулерді интенсификациялап қана
қоймай, психология пәнінің принципиалды жаңаруына жағдай
жасады. Осылайша адамның психикалық дамуы басқа индивид-
термен қарым-қатынас, байланыс жасау арқылы психологиялық
жағынан бағаланып, талданады. Сонда адам психикасының даму
мәселесі «тері астындағы адам» (А. Н. Леонтьев) сипаттамасы-
на «асып шығады» да, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау,
әрекеттесу, коммуникация кеңістігімен қарастырылады.

    М. В. Елагина, А. И. Сорокина, В. В. Ветрова, Н. Н. По-
дьяков, М. И. Лисина, Е. Е. Кравцова, Х. Т. Шерьязданова, т.б.
зерттеушілер мектеп жасына дейінгі кезеңде балалардың қарым-
қатынасының төрт қалпы бірінен кейін бірі орнын басып
отыратындығын анықтаған.

    1) туғаннан алты айға дейінгі кезеңде балалардың қарым-
қатынасы жағдайлық-жеке бастық,

    2) алты айдан екі жарым жасқа дейін – жағдайлық-іскерлік,
    3) екі жарым жастан бес жасқа дейін – жағдайдан тыс,
танымдық,
    4) бес жастан жеті жасқа дейін – жағдайдан тыс, жеке бастық
қарым-қатынас тағайындалған. Бұл формалар балалардың ере-
сектермен қарым-қатынасын сипаттайды. Ал, балалардың басқа
балалармен бірлескен коммуникативтік іс-әрекетінде эмоциялық-
тәжірибелік, жағдайлық-іскерлік және жағдайдан тыс іскерлік
қарым-қатынас формалары болатындығы ғылымда белгілі болып
отыр.
    Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде
интегралды, тұтас құрылым пайда болады. Ол коммуникативті іс-
әрекеттің даму деңгейін анықтайды. А. В. Запорожец, М. И. Ли-
сина бұл ерекше құрылымдарды «қарым-қатынас онтогенезінің
сатылары», «қарым-қатынас формалары» деп атаған.
    Баланың басқа балалармен қарым-қатынас құру арқылы
өз-өзін тану, бағалау мүмкіндіктері болады (И. И. Чеснокова,
Т.В.Драгунова, Д. Б. Эльконин, И. Непомнящая, және т.б.). Мек-
теп жасына дейінгі кезеңдегі “бала-бала” жүйесі В. С. Мухина

                                    163

⇐ МАЗМҰНЫ
   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168