Page 167 - index Bapaeva
P. 167

дауына жүргізгісі келеді. Ондай баланың шешесі үйден шықпауға
тиіс, бала талабы бойынша шешесі бөлмеде болуға тиіс. Ол талап
еткеннің бәрін оған алып беру керек. Ол ұсынған тағамды жемейді,
өзі сүйген тамақты ғана ішеді. Бала айналасындағы адамдарға
билік жүргізу үшін неше алуан тәсілдерді табады. Ол барлық та-
лаптары орындалған жағдайда өзгелердің, бәріне әмірші болғысы
келеді. Ал кейбір семьяда мұндай сипат қызғаншақтық деп те ата-
лады. Өзінен жасы кіші не үлкен баланы қызғанатын болады.

    Міне, үш жастағы баланың бойында жиі кездесетін мінез ны-
шандары осындай. Бұл ерекшеліктердің бәрі бала тәрбиесіне бай-
ланысты пайда болып отыратын қасиеттер. Бұл жайттар барлық
зерттеушілердің назарына іліккен мәселелер.

    Осы ерекшеліктер бала тәрбиесін қиын етіп көрсетеді. Бұған
тәрбиесі онша қиын болмаған бала енді ересектер үшін асырауы
қиындай түседі. Бала қысқа мерзім арасында күрт өзгереді деген
түсінікте боласың. Бұрын мәпелеп жүрген «қуыршағың» енді
қыңыр, тентек, қасарысқан, жексұрын, қызғаншақ әрі өзімшіл
тіршілік иесіне айналады. Сөйтіп оның семьядағы бүкіл болмыс-
бітімі күрт өзгереді,

    Сайып келгенде, баланы жас кезінен тәрбиелеудін кеңінен
тараған түрі семьялық жеке тәрбие болып табылады. Семьялық
тәрбиенің басты ерекшелігі – бала өздігінен ешнәрсеге ұрынып
қалмай саналы әрі әдепті болып өседі деп санаған.

    Бала дамуының сәбилік кезеңінде елеусіз нәрсеге ашу
шақырып, маңындағы адамдардың бәріне өз айтқанын істеткісі
келеді. Соған орай үш жастағы дағдарыста екіжақты құбылыс
пайда болады: Бала қиқарлық көрсетіп, ашу-ызасын шешесіне,
ойыншықтарына ұрсып кею арқылы білдіреді. Баланың мұндай
қылықтарын екінші жағынан қарағанда, оның өзімшілдік әрекеті
мен дербестігін, белсенділігін көрсететін сияқты. Баланың бо-
йында енді «мен» деген пайымы болып, өзгелер сол баланың
ығына қарай есу керек. Мұндай ерекшеліктер баланың өзіне деген
қатынасының өзгергенін көрсетеді.

    Жалпы алғанда, баланың мінез-құлқы мен әрекеттерінде пайда
болып отыратын қылықтарының бәрі оның өзіндік өскендігі мен
айналасындағыларға тәуелсіз тіршілік етуге ұмтылуын білдіретін
қасиеттер болып саналады. Мұндай ерекшеліктердің бәрін кейбір
зерттеушілер бала дағдарысына тән қасиет деп атайды.

    Енді екінші белдеу дейтін мәселенің ерекшеліктеріне тоқталып

                                    167

⇐ МАЗМҰНЫ
   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172