Page 165 - index Bapaeva
P. 165

ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден төсегіне
жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезеңінің көріністері
деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі
келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-
қыңырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осындай
жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі
ұнатқан іспен шұғылданғысы келетінін көрсетеді.

    Баланың үлкендердің талабына қарсылық білдіріп, он-
дай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен
тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді. Мұндай қылық бала
әрекетіндегі өзіндік санасындағы өзгерісті, оның сапа жағынан
жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Дағдарыстың көрінісі
баланың міне, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер ба-
ладан басқа бір нәрсені істеуді өтініп сұраса, онда ол бұл жағдай
өзінің көңіліне қонымды болғандықтан, қарсылықсыз орындайды.

    Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу.
Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін
қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің
орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл
қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі.
Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала ал-
майды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қолжеткізеді.
Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан
қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол
өз талабының орындалуын тілейді. Айталық, сәбиді ауладан үйге
шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін
дәлелдеп, үгіттейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге
кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне
байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады.
Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар.

    Бірінші сәт. Жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себеп-
ке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін
қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шана-
мен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі
келеді.

    Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән бол-
са, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын
болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі бола-

                                    165

⇐ МАЗМҰНЫ
   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170