Page 164 - index Bapaeva
P. 164

еңбектерінде сипатталады. Ғалым баланың басқа балалармен
қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасай-
тынын негіздейді, әрі ол үш жағдайда баса көрсетіледі:

    1. Баланың балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерек-
ше, ересектермен жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас
тағайындалады;

    2. “бала-бала” жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін мең-
геруге болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың
қатынасын бірлесіп қайта жаңғырта алады;

    3. Балалар тобында мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен
адамгершілік қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.

    5. Баланың үш жастағы дағдарысы

    Үш жастағы дағдарысты қарастыруға себебін тигізетін үш
түрлі көзқарас бар. Алдымен, бұл дағдарыс баланың өтпелі
кезеңіне байланысты. Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде
жаңа құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала
психикасының дамуындағы дағдарыстың пайда болуын, оның
жақын арадағы даму аймағына қатысты қасиеттерін өзгеру
заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.

    Үш жастағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруға
болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан бас-
тауымыз керек, мұндай материалдарды түсіндіруде ұсынылған
теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстың мән-жайын
ашып көрсету үшін баланың дамуындағы сыртқы және ішкі
жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенің түйінді жері бала-
ның үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға
байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына
әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап
көрсетуді талап етеді.

    Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс
баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл
алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз
қылықтары ересектердің қойған талаптары мен айтқандарының
бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы
болмаса, жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы,

                                    164

⇐ МАЗМҰНЫ
   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169