Page 166 - index Bapaeva
P. 166

ды деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне
дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерінің қалайша
болатындығына көз жеткізуіміз керек.

    Үшінші сәт. Баланың қыңырлық кезеңі.
    Бала мінезіндегі ерекшеліктің алғашқылардан айырмашылығы
қандай? Қыңырлық жеке бастың ерекшелігі емес. Жағымсыз
қылықтар баланың қандай да болсын ересектерге қарсы
бағытталған әрекеттері. Ал қыңырлық бала тәрбиесінің қалпына
қарсы, өмір салтына қарсы бағытталады: ол «ой қойшы!» де-
ген баланың өзіне тән риза болмауын білдіреді, сәби өзіне
ұсынылғанның, істегеннің бәріне жауап береді. Бұл жерде
қырсықтық белгі адамға қатысты емес, 3 жасқа дейін қалыптасқан
барлық өмір салтына қарсы. Бұрын ол қызыққан ойыншықтарды
ұсыну қалпына қатысты. Қырсықтықтың қасарысудан
айырмашылығы сол, ол қалай да өзінің қажетін орындауға
табандылық көрсетуі
    Енді төртінші ерекшелік – өзіндік ерік немесе өзімшілдік
мінез деп аталады. Бұл баланың дербестік бағытын көрсетеді.
Енді бала бәрін өзі істегісі келеді.
    Талданып отырған дағдарыс түрлерінің бұдан басқа да үш
түрі бар деп жүр, бірақ олардың қосымша ғана маңызы бар.
Оның біріншісі – қарсылық көрсету. Баланың мінез-құлқындағы
бірқатар көріністердің бәрі қарсыласу сипатында болады. Оның
мінез-құлқы өзгелерге қарсыласу ерекшеліктермен көрініс беріп,
өз маңыңдағылармен ұрысып, таласып, үнемі ренжісу жағдайында
болып көрінеді. Баланың ата-анасымен қақтығысы әдетке айнал-
ды. Осыған орай баланың өзі елеусіз қалады. Мысалы, бұрын тату
болған отбасында бала өз анасына «сен ақымақсың» дейді. Бюлер
осы тақырыпқа сәйкес отбасының ренішін суреттеп жазды.
    Бала өз ойыншықтарын да бағаламауға тырысады, оларды
ұстағысы келмейді, оның сөздерінде балағаттау мен кемсіту сөздері
пайда болады. Мұндай сөздер орынсыз айтылады. Бұлардан басқа
тағы да екіжақты ерекшелік болатынын атап айту керек. Үйдегі
жалғыз бала болғандықтан, оның талап-тілектерінің бәрі орын-
далып, ол нағыз өзінің өктемдігін жүргізуге тырысып бағады.
Бұл көрініс әртүрлі семьяда түрліше болып келетіні байқалады.
Жалғыз ғана баласы бар семьяда өктемдік етуге ұмтылушылық
кездеседі. Ондай бала маңындағы адамдарға айтқанын істетіп, ай-

                                    166

⇐ МАЗМҰНЫ
   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171