Page 168 - index Bapaeva
P. 168

өтейін. Бұл белдеуді екі топқа бөлуге болады. Оның бірі – сәбидің
дербестікке ұмтылу нәтижесінен туындайтын сипаттар. Сәбидің
тіршілік ортасындағы әр алуан қарым-қатынастарға іштей на-
заланады, ашу-кекті болып қиналады, сырттай оларға реніш
білдіріп, қақтығыстарға ұшырайды. Осының бәрі баланың бойын-
да ызақорлық өзгерістерге ұшыратады, нервтік науқасқа ұшырау
салдарынан бала энурез немесе түнде қуығын ұстай алмай, зәрін
төсегіне жіберіп қою сияқты халге ұшырайды. Бұл үш жастағы
дағдарыс кезінде кездесетін жайт. Ұқыптылықка үйретілген бала
дағдарыс кезінде өзінің дамуындағы бұрынғы сатыларында кездес-
кен ерекшеліктерін қайталауға мәжбүр болады. Түнгі қорқыныш,
жайсыз ұйқы және басқа жүйкелік жайсыздықтар салдарынан
баланың сөйлеуі күрт өзгереді. Кекештік пен тұтықпалық пай-
да болады, қырсығып қасарысады, ішкі дертін сыртқа шығарып,
жерге жата қалып аунайды. Мұның бәрі ішкі дертті қозғағандай
болып көрінеді. Іс жүзінде мұндай қылықтарының бәрі баланың
жағымсыз қылығын онымен санаспағандыққа қарсылық көрсетіп,
өзімшілдігін өзгелерге білдіру әрекеттері болып табылады.

    Дағдарыс кезінде баланың бойында қайта құрылатын
психикалық өзгеріс не? Бұл бала маңындағы жақын адамдары-
на – әкесі мен шешесіне және олардың беделіне деген әлеуметтік
көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ баланың «мен» деген өзіндік
ерекшелігін танытқысы келіп, оның бойында бірсыпыра мінез-
қылықтары пайда болады. Ондай қылықтар ортадағы жағдайды
өзгертеді. Бір сөзбен айтқанда, дағдарыс баланың жеке тұлғасы
мен оның маңындағы адамдардың өзара әлеуметтік қарым-
қатынасын қайта құрып, оларды өзгертіп отыруға бағытталатын
психикалық фактор деп санаумыз керек.

      Семинар және практикалық сабақтардың жоспары

    1. Мектепке дейінгі кезеңнің бастапқы кезінде бала ойынының
алғашқы түрлерінің пайда болуы.

    2. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың өзіндік санасының
даму ерекшелігі.

    3. Мектепке дейінгі кезең – «Мен тұжырымдамасының»
қалыптасу кезеңі.

           168

⇐ МАЗМҰНЫ
   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173