Page 343 - index Bapaeva
P. 343

М. В. Ермолаеваның пікірінше, бұл ұғымдардың мәнін жеке
ғылым тұрғысынан қарастыруға болады, өйткені жас ерекшелік
психологияның өзара байланысты әдіснамалық міндеттерінің
қатарын, бірінші кезекте онтогенездің айрықша бітістерін
нақтылау арқылы қазіргі заманғы нақты сипатын құрастыру,
даму тетіктерін зерттеудің ерекше тұстарын белгілеу, сондай-
ақ, теориялық және эмпирикалық білімдер жүйесіндегі түйінді
сәттерді анықтау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Сол үшін
М. В. Ермолаеваның пікірінше, қарттықтың даму жасы ретінде
оның аталмыш маңызды психологиялық бітістер тұрғысынан
жүйелі талдау қажет.

    2. Қарттық жас шамасындағы жетекші іс-әрекет жайлы
қазіргі заманғы түсініктер

    Бұл мәселе әлі күнге дейін пікірталастардың түйініне ай-
налуда. М. В. Ермолаева бойынша қарттық жас шамасындағы
өмірлік тәжірибені құрылымдау және беру жөніндегі ішкі
қызметті жетекші іс-әрекет ретінде есептеуге болады. А. Г. Ли-
дерс адамның өзінің өмірлік жолын қабылдауға бағытталған
қызметті қарастырады Н. С. Пряжниковтың қарттықтағы дамудың
әлеуметтік жағдайы және жетекші іс-әрекет проблемасын атал-
мыш жас шамасын кезеңдерге бөлу мәселесіне орай қарастыру
әрекеті теориялық тұрғыда маңызды әрі тәжірибе жүзінде өнімді
болып табылады Оның қарттықты кезеңдерге бөлуде баса на-
зар хронологиялық дамудан гөрі, әрбір кезеңдердің әлеуметтік-
психологиялық ерекшелігіне аударылған болатын.

                                                                         17-кесте
 Қарттықтың жеке-дара кезеңдерін тұлғалық өзіндік анықтаудың

           психологиялық сипаттамалары мен ерекшеліктері
                           (Н. С. Пряжников бойынша)

 № Қарттықтың жеке-дара кезеңдерін тұлғалық өзіндік анықтаудың
                 психологиялық сипаттамалары мен ерекшеліктері

 1 Егде тартқан зейнеткерлік алдындағы жас шамасы (зейнетке шығуға
       дейінгі, шамамен 55 жастан бастап)

 2 Зейнетке шығу кезеңі (зейнетке шыққаннан кейінгі алғашқы жылдары)

           343

⇐ МАЗМҰНЫ
   338   339   340   341   342   343   344   345   346   347   348