Page 428 - index Bapaeva
P. 428

Көлге біткен құрақтай.
Отыздағы жасым-ай
Таудан аққан бұлақтай.
Қырықтағы жасым-ай
Қырымдағыға көз салған
Ерттеулі тұрған құр аттай.
Елу деген жасыңыз
Ел көшкендей бел екен.
Алпыс деген жасыңыз
Күзгі салқын жел екен.
Жетпіс деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен.
Сексен деген жасыңыз
Қазулы тұрған ор екен.
Тоқсан тұрған көр екен,
Өлімнен басқа жоқ екен!

***

Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста Тәңірі берген несіптемін,
Алты жаста қайыңның тозындаймын
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,
Он жасымда сүт емген қозыдаймын,
Он бесте жарға ойнаған лақтаймын,
Бой түзеп жиырмада сылақтаймын,
Отызда ағып жатқан бұлақтаймын,
Қырқымда қынаптағы қылыштаймын,
Елуде әр жұмысты жұмыстаймын,
Алпыс жаста тай жеген бөрідеймін,
Жетпіс жаста илеген терідеймін,
Жетпістен сексен жасқа келген шақта
Артымнан кейін кеттім кері деймін,
Тоқсан жасқа келгенде қор болғаным
Отқа салған мұңайып, бор болғаным.
Тоқтыға асылғанда әлім келмей,
Баланың баласына қор болғаным.

           428

⇐ МАЗМҰНЫ
   423   424   425   426   427   428   429   430   431   432   433