Page 426 - index Bapaeva
P. 426

***
    Үш-төрттен талап еттім асық жинап,
    Жүгірдім жалаң аяқ жанды қинап.
    Боқтасып, көрінгенді боқпен атып,
    Араға кіре алмадым кісі сыйлап.

    Сегізде бала болып ойнап едім,
    Тоғызда тайлы суға бойлап едім.
    Он бес пен он алтының арасында
    Желкемнен аларын да ойлап едім.

    Жиырмада құрып өттім жігіт салтын,
    Ойламай еш нәрсенің алды-артын.
    Бар болса елде сұлу – менікі деп,
    Болмапты еш нәрседен сонда парқым.

    Отызда ор қояндай арыстадым,
    Болса да қайдан дүбір қалыспадым.
    Бүркіттей тасқа қонған талап етіп,
    Алдында хан, қараның қарыштадым.

    Қырық та бір жас екен – қырдан астым,
    Көңілді тасып жүрген әрең бастым.
    Жанасып жақсылармен, әзіл айтып,
    Арада сол секілді орындастым.

    Елу де бір жас екен есептеулі,
    Есептеп, елдің жөнін білсек дейді.
    Кешегі жиырма бес жас қайтып келіп,
    Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді.

    Алпыста аш бөрідей заман болар,
    Қартайсаң, ақылың да шабан болар.
    Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың,
    Дауасыз бұл кәрілікке не амал болар.

    Сексенде тұяғыңды серіппейсің,
                                    426

⇐ МАЗМҰНЫ
   421   422   423   424   425   426   427   428   429   430   431