Page 427 - index Bapaeva
P. 427

Селт етіп еш нәрсеге елікпейсің.
Тоқсанда тотықсыған сен қорғансың,
Май құйып корытқанмен бірікпейсің.

Келеді тоқсан тоғыз,
Тағы да жүз...
Ер бар ма жүзге келген,
Біз байғұстан күдеріңді үз.

***

Қасыр-құсыр шайнайтын қайран тісім,
Tic кеткен соң, кетті ғой менің күшім.
Кесек-кесек ет турап, өзі жейді
Жаны ашиды деп сенген жақын кісім.

Кәрілік шіркін келеді-ау кезіменен,
Келін жаман қарайды көзіменен.
Тұрып келіп қолымен ұрмаса да,
Ұрғандай боп кетеді сөзіменен.
***
Кәрілік – күлге аунаған қотыр бура,
Кешегі жақсы қайда сөзге тура.
Кәріні сыйлаймын деп ниет қылсаң,
Көрпені қалың сал да, майды тура.
Шайдың көркі қант пен май, бауырсақта,
Шай ішпей тұра алмаймыз ауырсақ та.
Кәріні сыйлаймын деп ниет кылсаң,
Майлы етті ұсақ турап сарымсақта.
Бұрынғы өткен дәурен қайтып келмес,
Зарығып күндіз-түні сағынсақ та.
Жастардың біреуіндей білгендейміз,
Қартайып, әбден естен жаңылсақ та.

    ***                      427
    Он бестегі жасым-ай
    Жарға ойнаған лақтай.
    Жиырмадағы жасым-ай

⇐ МАЗМҰНЫ
   422   423   424   425   426   427   428   429   430   431   432