Page 429 - index Bapaeva
P. 429

Елу – ердің жасы екен,
    Алпыс – бір сұмдықтың басы екен.
    Жетпіс келді төтелеп,
    Кәрілікті жетелеп.
    Сексен келді бүйірден,
    Қалдырып кетті үйірден.
    Тоқсан, сен тамам жастың зоры екенсің,
    Сүйегің қартайған соң бор екенсің.
    Тоқтының баласына әлің келмей,
    Баланың баласына қор екенсің.

    ***
    Жиырма бес –кәмелетке келген жасым,
    Қырықта қынсыз қылыш болған басым.
    Елуде екі көзің елең етер,
    Алпыста ақ сақалды шал боласың.
    Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың,
    Мойнынды жан-жағыңа бұра алмайсың.
    Бәрі де көрінгеннің келін болып,
    Шақырмаған үйлерге кіре алмайсың.
    Сексенде селкілдеген шал боласың,
    Қайда, деп, кайран он бес, дал боласың.
    Тоқсанда өлі де емес, тірі де емес,
    Бәріне көрінгеннің таң боласың.

                          МӘДЕЛІ ЖҮСІПҚОЖАҰЛЫ
                                     (1816-1888)

                      Келіппіз дүние деген кең сарайға

    Басында қатыра судан болдық пайда,
    Неше күн шайқатылып жүрдік бойда.
    Сол судан қан-сөл ғайып пайда болып,
    Сүйек пен етке шаптық үш-төрт айда.
    Тарықпай, тар құрсақтан тауып қорек,
    Тоғыз ай, он күн жаттық осы жайда.
    Құдіреттің күшімен шарқи пәләк

                                    429

⇐ МАЗМҰНЫ
   424   425   426   427   428   429   430   431   432   433   434