Page 431 - index Bapaeva
P. 431

Он жаста асық ойнап топқа кіріп,
    Үйрендік «Алшы кыздың» шартын енді-ай.

    Біреу ілім, біреулер қызық қуған,
    Он бір жас та кеп қалды жортып демде-ай.
    Мінекей, он екі жас мүшел де өтті,
    Осы деп балалықтың арты енді-ай.
    Он үштен он төрт жасқа кұрақ ұшып,
    Жүгірдік тойда табақ тартып енді-ай.
    Он бес пен он алты жас құбылмалы,
    Тұрады қорғасындай балқып енді-ай.
    Он жеті, он сегіз жас жалын атқан,
    Қызулы кырмызы гүл шарқың еді-ай.
    Он тоғыз жас та келді керімдей боп,
    Білетін әр нәрсенің парқын енді-ай.
    Жиырма жас ақ алмастай жалтылдайды,
    Көргенде көздің жауын тартып енді-ай.
    Өте шығар жиырма бір қас қаққанша,
    Дарияда аққан сеңдей қалқып енді-ай.
    Жиырма екі, жиырма үш жылыстайды,
    Құрбыларға әзіл-наз айтып енді-ай.
    Мінекей, жиырма төрт жас та келді,
    Жақсы болсаң, тарайтын даңқың елге-ай.

    Күш-қуат, ақылы оның кемелденген,
    Жиырма бес барлық жастың алтыны еді-ай.
    Барында қызығыңның қиялай бас,
    Жігіттік оралмайды қайтып енді-ай.
    Жиырма алты мен отыздың аралығын
    «Орда бұзар жас» дейді халқым енді-ай.
    Отбасы емес, жалпы елдің қамын жесең,
    Соңыңнан дос-жаран боп халқың ерді-ай.
    От басы, ошақ қасы қалып қойсаң,
    «Атадан жасық туған жалқы» дейді-ай.
    Отыз асып, отыз бес барғаннан соң,
    Бір нәрсе ұят деген қайшы келді-ай.
    Көңіл – гүл, тіл – бір бұлбұл, нәпсі – бөрі,
    Сабыр – алтын, ақыл – білгір қойшы деді-ай.

                                    431

⇐ МАЗМҰНЫ
   426   427   428   429   430   431   432   433   434   435   436