Page 432 - index Bapaeva
P. 432

Қырқында қыр басына шыққандайсың,
Ойдағы мақсатынды айтып енді-ай.
Қақ жарған қара қылды әділ болсаң,
Атағың жайылады жалпы елге-ай.
Қырық бесте кынаптағы қылыштайсың,
Дұшпаным деп тұратын қайсы жерде-ай!
Есті болсаң, еліңнің қорғанысың,
Есер болсаң, боларсың жайсыз елге-ай.

Қырық бес ассаң – елің елеңдейді,
Елуді есі жарым елемейді.
«Елуді – ердің жасы» десе-дағы,
Қайратың бұрынғыдан төмендейді.
Елуден елу беске жеткеннен соң,
Сыздайды жүйке тамыр, денең дейді.
Қариялар алдындағы қайтқан қаздай
Қоштасып кезегімен жөнер дейді.
Ақсақал, ел ағасы атанады
Қоғамшыл елдің қамын жеген дейді.
Қайратың бойындағы кемігенмен,
Ақыл-ой кемелденіп, тереңдейді.

Үйлесіп қатпарланған түріңменен,
Қызарып көздің алды іріңдеген,
Көктемгі шиқылдаған бозторғайдай,
Жөтелсең, көкірегің кірілдеген –
Алпыс келіп қолыңнан жетелейді,
Таныстырып қоям деп піріңменен.
Қуатың бойындағы жиналады
Алпыс бесте аузыңа тіліңменен.
Аталы сөз айта алсаң – ардақтысың,
Топтан торай шалдырмай ілімменен.

Айтайын жетпіс пенен сексенді енді-ай,
Бұл сексен талайларды жөкшендейді-ай.
Сексеннен де селдіреп өткеннен соң,
Тоқсанға аман-есен жетсем дейді-ай.

           432

⇐ МАЗМҰНЫ
   427   428   429   430   431   432   433   434   435   436   437