Page 43 - index Bapaeva
P. 43

арқылы дәлелдеді. АҚШ-та зорлық пен агрессияға толы фильмдер
көрсетіле бастағанда, ондай өнімнің балаларға ықпалымен байла-
нысты қоғамның мазасыздығын тудырды. Балалардың екі тобына
басты кейіпкері агрессивтілік танытатын фильмдер көрсетіледі.
Бір топ – соңында агрессор жазаланатынын, екінші топ – агрес-
сор жеңіп шығатын фильмдерді көреді. Көрсетілімнің алдында
балалар ойынының ерекшеліктерін, атап айтқанда агрессияның
көрініс беру деңгейін тіркейді. Фильмнен кейін ойын бөлмесіндегі
балалардың мінез-құлқын бақылауға алады. Агрессордың жеңіп
шығатынын көрген балалар ойыншықтарға қатысты агрессивті
мінез-құлық танытса, керісінше агрессиялық мінез-құлықтың
жазаланатынын көрген балалар агрессия көрсеткен жоқ.
А. Бандураның зерттеулері жаңа мінез-құлыққа үйрену үшін
әлеуметтік модельдің рөлін айқын көрсетті. Ғалым жаңа мінез-
құлыққа үйренудің төмендегідей кезеңдерін көрсетті: мінез-құлқы
моделінің көрсетілуі, егжей-тегжейлі түсіндіру; баланың модельді
қайталауы, жаңғыртуы; кері байланыс пен бекітудің дұрыстығын
бағалау; жаттығулар.

    2.5. Екі фактордың конвергенциясы жайлы теория

    ХХ ғасырдың басында тұқымқуалаушылықтың баланың
дамуына ықпалы жайлы деректер жеткілікті жинақталған еді.
В. Штерн басқа теориялардың біржақтылығын жою үшін екі
фактордың теориясын құрастырды. Ол теория бойынша баланың
психикалық дамуы тұқым қуалаушық пен ортаның сыртқы
әсерлері сияқты ішкі мәліметтердің конвергенциялануының
нәтижесі болып табылады. Штерннің ұсынған анықтамасы –
«даму тұқымқуалаушылықтың Х-бірліктерімен және ортаның
Ү-бірліктерімен анықталады» деген түсініктемеге өңделді. Те-
стология (психодиагностика) бөліміндегі жетекші мамандардың
бірі Анна Анастази кез келген мінез-құлықтың бір уақытта
тұқымқуалаушы және орта факторларына қатар негізделеді. Демек,
бала мінез-құлқының бақыланушы даралық айырмашылықтарына
тұқымқуалаушық пен орта факторларының пропорционалды
үлесін анықтау қажет.

    В. Штерн теориясының негізгі тұрғыларын теңеу арқылы

                                     43

⇐ МАЗМҰНЫ
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48