Page 42 - index Bapaeva
P. 42

5-сызба. Шартты рефлекстерді қалыптастыру үдерісі

шартты стимул                шартты реакция

сызбасына өңделеді. Мінез-құлықты қалыптастыру үдерісі шарт-
ты рефлекстердің қалыптастыру үдерісіне ұласады (5-сызба).

    Б. Скиннердің оперантты үйрену теориясы индивидттің мінез-
құлық репертуарындағы реакцияны тез арада бекіту арқылы жаңа
мінез-құлықты қалыптастыруға болады деп болжайды. Оның сыз-
басы (6-сызба):

                    6-сызба. Оперантты үйрену теориясы

мінез-құлық  жағымды бекіту    күшейту   мінез-құлық
                             (қайталау)

    Оперантты үйретудің дәстүрлі үйретуден ерекшелігі қалаулы
бейімді мінез-құлықты бекіту мақсатында жүйелі қадағалануында.
Оперантты үйрету теориясы көптеген тәжірибелік еңбектердің,
атап айтқанда бағдарламалап оқыту және мінез-құлық
терапиясының бағдарламаларының құрастырылуына ықпал етті.
Мінез-құлықты түрлендіру мақсатында терапияда жетондар әдісі
кеңінен қолданылады. Ол бағдарлама түрмелерде, дәрігерлік ме-
кемелерде, мектептерде, балалар бақшасында, яғни мүшелері
толыққанды жүйелі қадағаланатын мекемелерде қолданылады.

    А. Бандураның әлеуметтік үйрету теориясы жануарлар мен
адамдарды үйретудегі ерекшеліктерге нұсқайды. Адамның
үйренуі әлеуметтік еліктеу механизмі бойынша жүзеге асыры-
лады. Егер жануарларда мінез-құлықтың жаңа түрі байқау мен
қателесу жолымен қалыптасатын болса, адамда – мінез-құлықтың
әлеуметтік моделін қайталау арқылы жасалады. Адам өзгелердің
мінез-құлқын бақылау арқылы, олардың қателерінен сабақ ала-
ды. Бандура ол тұрғыны балалардың агрессивтілігінің мысалы

                                     42

⇐ МАЗМҰНЫ
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47