Page 57 - index Bapaeva
P. 57

Бұл – оның барлық жүйесінің негізгі жүйкесі, бұл – оның барлық
құрылысының басты бөлігі. Ж. Пиаже бала логикасына тән
белгілердің көп бірлігін эгоцентризмге жатқызуға тырысады.
Барлық белгілер жиынтықты құрады, ал ол өз кезегінде баланың
логикасын анықтайды. Бұл жиынтықтың негізінде бала ойлау мен
баланың іс-әрекетінің эгоцентрлік сипаты жатыр. Бала ойлауының
басқа да ерекшеліктері осы негізгі ерекшеліктерінен туындап
отырады және оның дәлелдеуіне немесе жоққа шығарылуына
байланысты бала логикасының әркелкі белгілерін біртұтас етіп
біріктіріп, ұғындырып, мағыналап, тұруға ұмтылатын теориялық
жалпылауға көмек беретін барлық жіптер үзіледі немесе беки
түседі. Мәселен, автор синкретизмді бала эгоцентризмнің тікелей
нәтижесі дейді. (Ж. Пиаже, 1932, 370-бет)

    Л. С. Выготский ересек адам ойымен салыстырғанда,
бала ойлауының сапалы өзінділігінің жинағын құрастырып,
тұратын басқа ерекшеліктерімен байланыстағы бала ойлауының
эгоцентристік сипатына көңіл бөлген. Ж. Пиаже эгоцентрлік ой-
лауды генетикалық, функционалдық және құрылымдық көзқарас
тұрғысынан аутистикалық ой мен бағытталған ақылды ойлаудың
арасынан орын алған өтпелі, аралық ойлаудың даму тарихындағы
аралық құрылым.

    Ойлаудың бірінші түрі – әлеуметтік. Ол дами отырып,
тәжірибе мен таза логика заңдарына бағынады. Аты көрсеткендей,
аутистік ойлау индивидуалды және арнайы заңдар жинағына
бағынады.

    Осы аралық түрлердің ішіндегі ең бастысын эгоцентрлік ой-
лау, яғни ол – балалардың ойлауы сияқты, шынайы ақиқат дүниеге
бейімделуге тырысатын ойлау.

2. Ойлау дамуының кезеңдері

    Ж. Пиаже бала ойлауы дамуын төмендегідей жіктейді (3-кес-
те):

                                                                           3-кесте

         Ж. Пиаже бойынша бала ойлауы дамуының жіктелуі

№ Ойлаудың даму кезеңдері                     Жас шамасы
1 Аутистік ойлау                  0 – 2-3 жас шамасы

2 Эгоцентрлік ойлау               2-3 – 11-12 жас шамасы
3 Әлеуметтік тұрғыдағы ойлау      12 жастан кейін

                              57

⇐ МАЗМҰНЫ
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62