Page 58 - index Bapaeva
P. 58

Ойлаудың дамуы табиғилықтың ығыстырылып, әлеуметтікпен
алмасуы арқылы жүзеге асырылады. Екінші кезең сол
ығыстырудың нәтижесін білдіретін аралық, өтпелі кезең болып
табылады.

    Аутистік және әлеуметтенген тұрғыдағы ойлау бір-бірінен

қалай ажыратылады (4-кесте).
                                                                           4-кесте

Аутистік және әлеуметтенген тұрғыдағы ойлаудың салыстырмалы

                        талдауы

Ерекшелігі        Аутистік        Әлеуметтенген

Шығу тегі         Тума            Өмір бойында қалыптасқан

Ойлаудың қызмет   Ләззат алу      Ақиқат қағидасы

етуін не анықтайды? қағидасы

Сыртқы әлемге     Сыртқы әлемге   Сыртқы әлемді тануға және
қатынасы          (қиялдар,       оны өңдеуге бағытталады
                  арман-мұң)
                  бағытталмаған

Ойлаудың бірлігі  Бейне; вербалды Ұғым; вербалды ойлау
                  емес, бейнелі
                  ойлау

    Эгоцентрлік ойлау аутистік және әлеуметтенген ойлау
қасиеттерінің өзіндік үйлесімін, біріншісінің екіншісімен
ығыстырылуын білдіреді. Әлеуметтену табиғилықтың күштеп

ығыстырылуы және оның әлеуметтікпен алмастырылуы. Ойлаудың
аутистік түрінен әлеуметтенген түріне ауысуын түсіну үшін

баланың қатынастары мен қарым-қатынасының ерекшеліктерін
талдау қажет (5-сызба). Күштеу қатынастары аутистік ойлаудың
ығыстырылып, эгоцентрлік ойлаумен алмасуына әкеледі. Коопе-

рация мен серіктестік қатынастары эгоцентризм мен децентра-
цияны жеңіп, әлеуметтенген тұрғыдағы ойлауға көшуді білдіреді.

Бала 2-3 жасқа келгенде ересек оған ойлаудың нақты сөйлеу амал-
дарын және дайын конструкцияларды үйретуге тырысып, аутистік
ойлауды ығыстырады. 11-12 жаста ақырғы децентрация орын

алып, әлеуметтенген ойлау қалыптасады.
    Ж. Пиаженің тұжырымдамасында бала танымы мен

интеллектісінің дамуы серіктестік үдерісінде жүзеге асыры-
латыны айтылады. Ж. Пиаже ізбасарларының зерттеулерінде,

                              58

⇐ МАЗМҰНЫ
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63