Page 56 - index Bapaeva
P. 56

Пиаженің бала ойлауының эгоцентрлігі жайлы феноменді
ашуы оның ең үлкен жаңалығы болды. Эгоцентризм – бұл
құбылыстар мен объектілер тек дербес көзқарасының тұрғысында
қарастырылатын, қоршаған әлемге қатысты иеленген субъектінің
ерекше танымдық ұстанымы.

    Бала ойлауының дамуы өзара байланысқан үш бағытта жүзеге
асады. Біріншісі – әлемнің объективті және субъективті қабылдау
түріне ажыратылуы. Екіншісі – субъектінің ақыл-ой ұстанымының
шексізденуінен ықтималды ұстанымдардың қатарын реттеуге
дейін ақыл-ой ұстанымының дамуы. Үшінші бағыт ойлаудың да-
муын жеке заттарды қабылдаудан олардың арасындағы байланыс-
тарды қабылдауға қозғалыс ретінде сипаттайды.

    Ж. Пиаженің зерттеулері баланың сөйлеуі мен ойлау туралы
және оның логикасы мен дүниетануы туралы ілімнің дамуында
тұтас дәуірді құрайды. Олардың тарихи мәні өте зор.

    Ж. Пиаже өңдеп ғылымға енгізген баланың сөйлеуі мен ойла-
уын клиникалық зерттеу әдісінің көмегімен балалар логикасының
ерекшеліктерін әдеттен тыс батылдықпен, тереңдікпен және
кең тұрғыда жүйелі зерттеуді тұңғыш рет мүлдем жаңа сипатта
жүргізді.

    Баланың ойлау мәселесін сапалық тұрғыда қою Пиажені
бұрын үстемдік еткен бала ақылының жағымды сипаттау тен-
денциясына қарама-қарсылыққа алып келеді деп айтуға болады.
Дәстүрлі психология үлкендердің ойлауынан ажыратып тұратын
кемшіліктерден, ақаулардан құралатын бала ойлауын жағымсыз
сипатта қарастырады. Ж. Пиаже бала ойлауының сапалық
өзгешелігін оның жағымды жағынан ашуға тырысты. Бұрын
үлкендермен салыстырғанда балада не жоқ, оған не жетіспейтіндігі
туралы білгілері келді және бала ойлауының ерекшеліктері
оның абстрактілі ойлауға, түсініктерді құрауға, мағыналарды
біріктіруге, т.б. өз ойын қорытуға қабілетсіздігімен анықталды.

    Жаңа зерттеулерде негізгі көңіл балада не бар, баланың
ойлауының негізгі белгілері қандай, өзінің ерекшеліктері мен
қасиеттері тұрғысында бала ойлауы нені игерген деген мәселелерге
аударылады.

    Бала ойлауының әртүрлі ерекшеліктерін біріктіріп тұратын
орталық тізбектің мәні неде? Ол Ж. Пиаже теориясының негізгі
көзқарасы тұрғысынан, бала ойлауының эгоцентризмінен тұрады.

           56

⇐ МАЗМҰНЫ
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61