Page 60 - index Bapaeva
P. 60

ойлаудың коэффиценті бірге жақындаса, бала тілінің барлығы
тұтастай эгоцентрлік деп саналады, ал егер 0-ге жақындаса –
эгоцентрлік ойлау мүлде жоқ деген сөз.

    Әрбір мәдениетте эгоцентрлік сөйлеудің өзіндік сандық сипат-
тамасы бар. Егер мәдениет баланың даралығын және өз бетінше
айналысуын құптаса, онда эгоцентрлік ойлаудың коэффиценті
жоғары болады, ал егер ұжымшылдық пен іс-әрекеттің біріккен
түрлері орын алса, онда көрсеткіші төмен болады. Эгоцентрлік
ойлаудың коэффиценті үш жастан кейін біртіндеп артып, 4-5
жас шамасында шырқау шегіне жетеді. Жеті жастан кейін
төмендегенімен, ешқашан нөлге түспейді.

    8-сызба. Эгоцентрлік ойлаудың ерекшеліктері

                                         Интеллектінің

                                              дамуы

            БІРІНШІ ЖОЛЫ                       ЕКІНШІ ЖОЛЫ
 Танымдық ұстанымның дамуы.             Әрекеттердің дамуымен
                                          және операциялардың
    Ол субъекті мен объектінің        қалыптасуына байланысты
     дифференциялданбауын;         интеллекті құрылымының өзгеруі
субъекті әрекеттерінің дамуымен
шартталған Меннің және сыртқы
әлемнің - субъекті мен объектінің
    ажырай бастауын; субъекті

       мен объектінің ажыруы
        эгоцентризмге көшуді
      белгілейді; децентрация

    Ж. Пиаже эгоцентрлік ойлаудың анықталған динамикасын
ойлаудың дамуына қатысты ұсынған жіктеуіне жеткілікті дәлел
деп есептеді.

    Л. С. Выготский эгоцентрлік сөйлеудің феноменін түсіндіретін
жаңа модельді ұсынады. Ол модельдің негізінде ол әлемдік пси-
хологияда эгоцентрлік сөйлеудің бірегей теориясының авторы
ретінде сөзсіз мойындалды. Зерттеуші бірқатар сын ескертпелерді
құрастырды:

    1) Аутистік ойлау сатысы бала ойлауының дамуында бастапқы
кезең болмайды. Бұл тұста Л. С. Выготский Ж. Пиаже теорияла-
рын сынағандардың көзқарастарымен келіседі.

                                     60

⇐ МАЗМҰНЫ
   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65