Page 59 - index Bapaeva
P. 59

атап айтқанда А. Перре-Клеймонның еңбектерінде (1991) бала
ойлауының дамуындағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктердің
рөлі зерттелінген. Әлеуметтік-танымдық қақтығыстың, яғни
танымдық міндетті бірлесіп шешкен балалардың көзқарастары
мен ұстанымдарының арасындағы қарама-қайшылықтың
танымдық эгоцентризм мен децентрацияны жеңуге ықпал ететіні
көрсетілген.

    7-сызба. Бала ойлауының дамуы

                                             уы. Тепе-

                                                                                               да дамуд

                                  •

    3. Эгоцентрлік ойлау мен сөйлеу мәселесі
    Эгоцентрлік ойлау серіктесіне бағытталмайды және оған
түсінікті болмайды. Пиаже эгоцентрлік ойлаудың бірнеше
ерекшеліктерін көрсетеді (6-сызба).
    Эгоцентрлік ойлаудың жас ұлғайған сайын өзгеру динамика-
сын бағалау үшін Ж. Пиаже «эгоцентрлік ойлаудың коэффиценті»
ұғымын енгізеді. Оны мына формула арқылы есептеуге бола-
ды: Эгоцентрлік ойлаудың коэффиценті = баланың эгоцентрлік
сөздері/сөздердің жалпы саны. Осылайша, егер эгоцентрлік

                                     59
⇐ МАЗМҰНЫ
   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64