Page 61 - index Bapaeva
P. 61

2) Бала ойлауының дамуында, оның заттық тәжірибелік іс-
әрекетінің жеткілікті дәрежеде ескерілмеуі.

    3) Л. С. Выготский эгоцентрлік сөйлеудің қызметі мен
дамуының табиғаты жайлы өзіндік пікірін ұсынды. Эгоцентрлік
сөйлеу қатынасу қызметін атқаратын сыртқы, әлеуметтік
сөйлеуден, ойлаудың ішкі тәсілі ретінде анықталатын, бала іс-
әрекетін жоспарлау және реттеу қызметін атқаратын ішкі,
дербес сөйлеуге көшудің өтпелі формасы болып табылады.

    Л. С. Выготскийдің болжамы жоғары психикалық қызмет-
тердің дамуы жайлы жалпы заңның, интериоризация заңының
нақтылануы болып табылады. Ұсынылған болжамды дәлелдеу
үшін эгоцентрлік сөйлеудің өтпелі сипатының негізінде қатынасу
және ішкі сөйлеудің қасиеттері мен қызметін қамтитынын
дәлелдеуге бағытталған бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

    Біріншіден, бала жанындағы құрдастарының оның өзін
түсінбейтініне (өзге тілде сөйлейтін балалар, немесе серіктесін
естуге мүмкіндік бермейтін әйнектелген қабырға) көзі жет-
кенде, эгоцентрлік ойлау коэффицентінің күрт төмендейтіні
көрсетілген. Осылайша, эгоцентрлік ойлаудың қатынасу қызметін
атқаратындығы дәлелденді.

    Екіншіден, іс-әрекетте қиындықтар туындағанда (мы-
салы, сурет салғанда бір объектіні салу үшін балаға түрлі-
түсті қарындаштардың жетпей қалуы) эгоцентрлік ойлау
коэффицентінің артатындығы көрсетілген. Соның негізінде
эгоцентрлік сөйлеудің жоспарлаушы және реттеуші қызметтерді
атқаратындығы дәлелденді. Бес жастан кейін баланың іс-әрекеті
ерікті сипатқа ие болғанда және ол көзделген мақсатқа сай
жоспарланғанда баланың сөйлеуі реттеле бастайды.

    Ж. Пиаже Л. С. Выготскийдің сынымен тек 1966 жылдары
ғана таныса алды. Ол уақытта Л. С. Выготский дүние салып,
Ж. Пиаже бала ойлауының дамуы жайлы тұжырымдамасының
көптеген тұрғыларын түбегейлі өзгерткен болатын. Мәселен,
швед психологының сөйлеудің тікелей ойды білдіретіні жайлы
түсінігі өзгерді. Ж. Пиаже Л. С. Выготкийдің төмендегідей сыны-
мен келісті:

    ●● аутистік ойлау бала ойлауының дамуында бастапқы кезең
емес;

           61

⇐ МАЗМҰНЫ
   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66