Page 83 - index Bapaeva
P. 83

өзгерісі ретінде анықтайды. Бұдан онтогенетикалық дамуды тал-
дау «бірлігі» ретінде психологиялық жас шамасы туралы ілім
туындайды. «Бірліктерді» бөліп алудың әдіснамалық қағидасы
даму үдерісінің жалпы қасиеттері мен сипаттамаларын сақтай
отырып, оның сапалы кезеңдерінің жалпы құрылымын беретін
онтогенетикалық дамудың ерекше «жасушысын» талап етеді.
«Психологиялық жас шамасы» балалар психологиясында сондай
«бірлікке» айналды.

    Дамудың гетерохрондығы жайлы заң баланың психикалық
дамуы оның хронологиялық жасымен сәйкес келмейтінін
тұжырымдайды, яғни ол уақытқа байланысты қарапайым қызмет
емес, күрделі құрылымға ие. Басқаша айтқанда психикалық даму
биологиялық жетілудің ырғағынан өзге ырғаққа ие. Адам өмірінің
барысында дамудың ырғағы мен темпі өзгеріп отырады. Өмірдің
бастапқы кезеңдерінде дамудың өте жоғары темпы байқалады,
алайда адам есейген сайын ол төмендейді. Выготский нәрестелік
кезеңдегі бір жыл негізгі өзгерістері бойынша адам өмірін кез
келген басқа бір жылымен салыстыруға тұрмайды деп есептеген.

    Жоғары психикалық қызметтердің дамуы жөніндегі заң
белгілердің интериоризациялану және мәндердің даму үдерісі
ретінде адамның санасын құрайтын жоғары психикалық
қызметтердің шығу тегін анықтайды.

    Орта заңы дамудың бастауы ретінде әлеуметтік ортаның
рөлін анықтайды.

    Даму үшін оқытудың жетекші рөлі туралы заң бойынша
оқыту дамудың алдында жүреді.

    Сананың жүйелі әрі мағыналы құрылуы туралы заң баланың
психикалық дамуындағы сензитивті кезеңдердің табиғатын аша-
ды.

    2. Психологиялық жас туралы ілім

    Психологиялық жас – даму талдауының «бірлігі» болып та-
былады. Психологиялық жас құрылымымен және динамикасымен
сипатталады. Жастың құрылымы дамудың әлеуметтік жағдаятын
және жас ерекшелік психологиялық жаңа құрылымдарды
қамтиды.

                                     83

⇐ МАЗМҰНЫ
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88