Page 84 - index Bapaeva
P. 84

Л. С. Выготский «дамудың әлеуметтік жағдаяты» ұғымын
психологиялық жастың құрылымы мен динамикасы туралы ілімге
енгізеді. Ғалымның ойынша дамудың әлеуметтік жағдаяты бала
мен оның айналасындағы ақиқаттың, әсіресе әлеуметтік ортаның
арасындағы бірегей, жалғыз әрі қайталанбас, ол жас шамасы-
на оғаш, ерекше қатынас болып табылады. Дамудың әлеуметтік
жағдаятының талдауы баланың қоғамға «жақын» және «алыс»
қатынастарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қатынастардың
бірінші жоспары – бұл «бала – қоғамдық ересек» қатынастары.
Ондағы ересек адам іс-әрекеттің нормалары мен қоғамдық
мәндерінің, әлеуметік талаптарының өкілі ретінде анықталады.
Екінші – «бала – жақын ересек және құрдасы» жоспары жеке
дара-тұлғалық қатынастарды жүзеге асырады.

    «Жас ерекшелік жаңа құрылымдарын» Л. С. Выготский
аталмыш жас ерекшелік кезеңде алғаш рет туындайтын және
баланың санасын, қоршаған ортаға қатынасын, ішкі және сыртқы
өмірін, сол жас шамасындағы дамуының барысын анықтайтын
тұлға құрылымының және оның іс-әрекетінің жаңа түрі ретінде
арастырған.

    Л. С. Выготский бала дамуының эмпирикалық зерттелуі жас
ерекшелік өзгерістерінің екі түрін анықтауға мүмкіндік беретінін
көрсеткен. Біріншісі – баяу, бірізді, көп жағдайда сандық өзгерістер,
яғни дамудың эволюциялық түрі болса, екіншісі – бала тұлғасының
барлық қырларын қамтитын жаңа құрылымдарының ауқымы мен
тереңдігі бойынша негізді, жылдам түрі, яғни революциялық
типтегі даму. Эволюциялық типтегі даму тұрақты жас шамала-
рына тән, ал революциялық типтегі даму дағдарыстарға тән. Жас
ерекшелік дамудың динамикасы тұрақты жас шамалардың және
дағдарыстардың заңды алмасып отыруы.

    Л. С. Выготский дамудың жас ерекшелік дағдарыстарының
психологиялық мәні мен механизмдерін түсіндірудің жаңа
эвристикалық моделін ұсынады.

    Дәстүрлі психологияда дағдарыстарды өсудің аурулары деп
есептеп, жағымсыз бағалаған болатын. Ғалым дағдарыстардың
мүлде жаңа түсінігін ұсынады. Оның тұжырымдамасында
дағдарыс – дамудағы заңды әрі қажет үзбелі болып табылады.
Дағдарыстың қызметі – баланың психикалық дамуының ба-
рысында туындаған қарама-қайшылықтарды шешуде. Қарама-

                                     84

⇐ МАЗМҰНЫ
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89