Page 85 - index Bapaeva
P. 85

қайшылықтардың мәні – дамуының ескі әлеуметтік жағдаятының
және бала жетістіктері деңгейінің сәйкессіздігі. Л. С. Выготский
бойынша дамудың әлеуметтік жағдаяты бала өмірінің бүкіл
бейнесін, оның әлеуметтік болмысын, санасының ерекшеліктерін
анықтайды. Дамудың әлеуметтік жағдаяты жас шамасының
барлық динамикалық қайта өңдеулердің бастапқы мезетін
анықтайды. Дамудың әлеуметтік жағдаяты бала мен әлеуметтік
ақиқаттың арасындағы қатынастардың жүйесі ретінде бала
дамыған сайын түрленіп, баланың жаңа жетістіктерін сипаттап,
дамудың жаңа әлеуметтік жағдаятының негізгі бітістерін даярлап,
ыдырайды.

    3. Жас ерекшелік дағдарыс ұғымы

    Дамудың дағдарыстары орын алғанда дамудың әлеуметтік
жағдаяты түбегейлі қайта құрылып, баланың психикалық дамуы-
на мүлде жаңа бағыт, тыныс береді.

    Онтогенездің барлық кезеңдеріндегі баланың толыққанды
психикалық дамуы психикалық дамудың негізін құрайды.

    Күнделікті қолданыста «дағдарыс» термині белгілі бір
қиындықтардың, проблемалардың, дау-дамайлардың туындауын
білдіреді, өзіндік жағымсыз сипатқа ие. Психологиялық тұрғыда
әрбір дағдарыс жағымсыз әрі жағымды компоненттерді қамтиды.
Дағдарыстың сәтті шешімін табуы – тұлға дамуының кепілі бо-
лып табылады. Әрине, бала психикасының осалдығы, оның
мінез-құлқының болжанбайтындығы жас ерекшелік дағдарысқа
тән бітістер болғандықтан, осы кезеңде балалардың психикалық
денсаулықтарының сақталуы аса маңызды мәселелердің біріне
саналады. Алайда, психикалық денсаулықтың факторларын
қарастырмас бұрын, жас ерекшелік дағдарыс ұғымының өзін,
оның мазмұны мен психологиялық мәнін ашып алу қажет.

    Жас ерекшелік дағдарыс – бұл адам ағзасы мен
психикасындағы тұрақты кезеңінің барысында орын алған
сандық өзгерістердің сапалы өзгерістерге алмасатын, адамның
өмірлік циклінің барысындағы нормативті, заңды кезең.

    Жас ерекшелік дағдарыс ұғымы психикалық дамудың
жіктелуімен тығыз байланысты. Онтогенездің бірнеше кезеңдерге

                                     85

⇐ МАЗМҰНЫ
   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90